«Қиын бала қайдан шығады?» тақырыбында ата –аналар арналған тренинг өтті. » № 3 Қарғалы орта мектебі
Алматы облысы білім басқармасының
Жамбыл ауданы бойынша білім бөлімінің
"Қарғалы №3 орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 70-31-1-55
есепші бөлімі:
+7(72) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » «Қиын бала қайдан шығады?» тақырыбында ата –аналар арналған тренинг өтті.
19
март
2022

«Қиын бала қайдан шығады?» тақырыбында ата –аналар арналған тренинг өтті.

19-наурыз күні Қарғалы №3 орта мектеп  КММ-нің 5 «В » сыныбында құқық бұзушылықтың алдын алу мақсатында «Қиын бала қайдан шығады?» тақырыбында  ата –аналар арналған тренинг онлайн форматта  өтті. 
Мақсаты:  Оқушылар арасындағы құқық бұзушылықтың алдын-алу.Ата-аналарды мінез-құлқы қиын балалардың ерекшеліктерімен таныстыру .
Жиналыс Әл-Фараби бабамыздың «Адамға ең бірінші білім емес, тәрбие керек. Тәрбиесіз берілген білім – адамзаттың қас жауы. Ол келешекте оның өміріне қауіп әкеледі» деген пайыммен бастау алды. «Жаста берген тәрбие жас қайыңды игендей» демекші, тәлім-тәрбиедегі үйлесімділік ошақтың үш тағаны секілді осы одақтың арасындағы тығыз қарым-қатынасқа көп байланысты екенін тәжірибе анық байқатып жүр. Халқымыз «Ұяда не көрсең, ұшқанда соны ілерсің» деп текке айтпаған. Жасөспірімге сапалы білім беріп, қоғамның, ұлтымыздың саналы азаматы ретінде қанаттандырып ұшыру мектептің де басты талабы екенін жоққа шығармаймыз. Десек те, ата-атаның үйдегі іс-әрекеті баланың көз алдында өтетінін, демек тәлім-тәрбиедегі алтын қазық туған ұясы екенін ұмытпаған ләзім. Сондықтан, «баланың басты ұстазы – ата-ана» деген пайымды жадымыздан шығармағанымыз жөн екенін сынып жетекші Таубаева К.К  сөзге тиек етті. 
Тренингтің бірінші бөлімде ата –аналар   «Мінез –құлқы қиын бала қайдан шығады?», «Мінез құлқы қиын бала деген кім?» деген сұрақтарға  жауап іздеді.
Ал 2-ші бөлімінде ата –аналарға түрлі жағдаяттар беріліп, ата –аналар өз пікірлерін айта отырып, жағдаяттан шығу жолдарын іздестірді. Және де ата-аналар қиын балалармен жұмыс жасау  алгоритмін де өздері құрастыра алды. Жиналыс соңында Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым министрлігінің 2021 жылғы 25 мамырдағы №235 бұйрығы ата –аналарға көрсетіліп , түсіндірме жұмыстары жүргізілді.