«Түлек-2022 – жаңа Қазақстанның ертеңі» атты мектеп бітіру кеші. » № 3 Қарғалы орта мектебі
Алматы облысы білім басқармасының
Жамбыл ауданы бойынша білім бөлімінің
"Қарғалы №3 орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 70-31-1-55
есепші бөлімі:
+7(72) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » «Түлек-2022 – жаңа Қазақстанның ертеңі» атты мектеп бітіру кеші.
16
июнь
2022

«Түлек-2022 – жаңа Қазақстанның ертеңі» атты мектеп бітіру кеші.

«Қарғалы №3 орта мектеп» КММ

2021-2022 оқу жылындағы Балалар жылына арналған

«Түлек-2022 – жаңа Қазақстанның ертеңі» атты мектеп бітіру   кешінің өткізілуі туралы ақпарат



2021-2022 оқу жылында Қарғалы №3 орта мектебінде   мектеп бітіру кеші 16 маусымда Балалар жылына орай «Түлек-2022 – жаңа Қазақстанның ертеңі» тақырыбында ұйымдасқан түрде өткізілді. Мерекеге мектеп ұстаздары және ата-аналары қатысты.   Мектеп бітіруші түлектердің алғашқы ұстаздары Темирова Ш.Т., Райменова Г.Ж., Зекенова Д.Е. шақырылып, құрметті қонақтары ретінде «Алғашқы ұстазыма алғыс» акциясы аясында  құрмет көрсетілді. Бітіру кешінің құрметті қонағы Жамбыл ауданы әкімшілігінің өкілі «Аманат» партиясының Жамбыл аудандық филиалының маслихат депутаты Таубалдиев Ануар Алғазыұлы сөз сөйлеп, түлектерге ақ жол тіледі.

Мектеп директоры Урпекова К.О. мектеп бітіруші түлектер мен ұстаздарды құттықтап, директордың оқу-тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Сейтахунова Ш.Г. салтанатты түрде аттестат табыстады. Оқушыларды алғашқы ұстаздарының атынан Темирова Ш.Т. мен Зекенова Д.Е. құттықтап, ақ тілектерін білдірді. Түлектердің ата-аналары да балаларына тілек айтып, мектеп ұстаздарына алғыстарын шын жүректен айтып жеткізді.

Мектеп мақтаныштары «Алтын белгі» иегерлері: Тоқан Еркебұлан, Жұмабек Жанар, Сағындық Шынар өздерінің тебірентерлік құттықтауларын айтып, алғыстарын әнмен жеткізді.

Мектеп түлектері «Алғашқы ұстазыма алғыс!» акциясы аясында қолдарына алғаш қалам ұстатқан ұстаздарына құрмет көрсетіп, әншашуын арнады. Бітіру кешінің 2-бөлімінде 11-сынып түлектері өз өнерлерін көрсетіп, ұстаздарға жүрекжарды  жырларын арнады. 

Мерекелік жиын мектептің мәжіліс залында барлық талаптарға сай өткізілді. Жиын сағ.10:00 басталып, сағ. 12:00 аяқталды. Мектеп мерекелік салтанатқа сай талғаммен безендірілді. Мерекелік шара барысында ешқандай келеңсіз жағдайлар орын алмады. Кешкі кезекшілік пен түнгі рейд бойынша жоспар жасалынып,бекітілді. Қауіпсіздік бойынша түсіндірме жұмыстары жүргізілді.