Құқық бұзушылықтың алдын-алу кеңес отырысының №___ хаттамасы » № 3 Қарғалы орта мектебі
Алматы облысы білім басқармасының
Жамбыл ауданы бойынша білім бөлімінің
"Қарғалы №3 орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 70-31-1-55
есепші бөлімі:
+7(72) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Құқық бұзушылықтың алдын-алу кеңес отырысының №___ хаттамасы
01
январь
2022

Құқық бұзушылықтың алдын-алу кеңес отырысының №___ хаттамасы

«Қарғалы №3 орта мектеп» КММ

Құқық бұзушылықтың алдын-алу кеңес отырысының 

№___ хаттамасы

    30.09.2021ж                                                                                Қарғалы ауылы


Қатысқандар:

  1. Мектеп директоры                         К.О.Урпекова
  2. Хатшы,әлеуметтік педагог             Ж.Б.Жадыраева 

Кеңес мүшелері  

  1. ДОІЖО                                           Ш.Г.Сейтахунова
  2. ДОТІЖО                                         М.М.Карымбаева
  3. ДТІЖО                                            С.М.Айтбаева
  4. ДТІЖО                                            Б.О. Омарбекова
  5. Мектеп инспекторы                        Ф.Набиев
  6. Педагог ұйымдастырушы             А.Ө.Өміртай
  7. Педагог-психолог                          Т.Мукаранова
  8. А.Ә.Д. пәнінің мұғалімі                 А.А.Апсаметова 
  9. Құқық пәнінің мұғалімі                  К.А.Жакупова
  10. Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі      А.С.Жарылқасынова
  11. Ата-аналар комитетінің төрайымы                   А.Н.Молдагалиева
  12.  11 сынып оқушысы                                   Е.Тоқан                                        

Күн тәртібі:


  1. Жазғы мерзімде орын алған құқықбұзушылықтарды талдау. (инспектор, Ф.Набиев)
  2. МІЕ және ІІБ инспекторы есебіндегі оқушылардың ісін қарау.( педагог-психологтар, Т.Мукаранова, Г.Малимбаева)
  3. Қамқорлыққа алынған балалардың тұрмыстық жағдайын зерттеу.

(әлеуметтік педагог, Жадыраева Ж.Б.)

  1. Құқықтық жалпы білім. (ДТІЖО С.М.Айтбаева)


Тыңдалды:

Күн тәртібіне қойылған  мәселе бойынша Құқық бұзушылықтың алдын алу кеңесінің төрайымы мектеп директоры  К .О Урпекова сөз алды.   Күн тәртібіндегі мәселе бойынша кеңес мүшелерін таныстырып, сөз кезегін мектеп инспекторы Ф.Набиевке берді.

Сөйлегендер.

Күн тәртібіндегі бірінші мәселе бойынша мектеп инспекторы, Ф.Набиев сөз алды: Салеметсіздерме комиссия мүшелері, жазғы демалыс мезгілдерінеде мектебіміздің оқушылары арасында ешқандай құқықбұзушылық әрекеттер орын алған жоқ. Бұл сынып жетекшілер мен ұжымның ортақ жұмыстарының нәтижесі деп білемін. Алдағы уақытта да құқықбұзушылық болмайды деп сенемін.

Екінші мәселе бойынша педагог-психолог, Г. Малимбаева сөз алды: Былтырғы оқу жылынан мектебімізде 1 оқушы Бабаев Валентин мектепішілік есепте тұр. Енді міне тағы қазақ сыныбынан бір оқушы Лениншил Ахметжан нашар тәртібімен есепке алынды. Есепке алынған оқушыларға тәлімгерлер тағайындалған. Қазіргі таңда жұмыстар жүргізіліп жатыр. Бабаев Валентинның тәлімгері ретінде дене шынықтыру пәнінің мұғалімі О.Н.Сметанко тағайындалса, Лениншил Ахметжанның тәлімгері ретінде С.Ж.Адасбаев тағайындалды.

7 «А» сынып оқушысы Лениншил Ахметжан өз өміріне, қоршаған ортамен қарым-қатынасын    анықтау. Өзінің бойындағы мінез-құлық ерекшеліктері туралы ойын білу мақсатында: Жалғыздық сезімінің деңгейін зерттеу Д.Рассел мен М.Фергюсон  әдістемесі алынды.  Зерттеудің   қорытындысы бойынша  жалғыздықты сезіну деңгейі  анықталмады.  Өзіне сипаттама беруде мінез-құлқының  жағымды және жағымсыз жақтарын айта білді. Сонымен қатар психологиялық  жаттығулар «Өзіме сипаттама» топтық  жаттығулар  қосымша түрде жүргізілді. Оқушымен алдағы уақытта жұмыстар жүргізіліп бақылауда болады.

7 «Д» сынып оқушысы Бабаев Валентин өзін – өзі бағалауын анықтау мақсатында: «өзіндік бағалауы» тесті алынды. Нәтижесінде өзіндік бағалауы орта екендігі анықталды. Оқушының бойындағы жасырын, анықталмаған ерекшеліктерін анықтау мақсатында « Үй, ағаш, адам» әдістемесі алынды нәтижесінде Адамдармен терең қарым – қатынасқа ұмытылатыны байқалды   өзін емін еркін ұстайтыны байқалды. Бұл оқушымен алдағы уақытта жұмыстар жүргізіліп кеңеске шақырылып бақылауда болады.

  Профилактикалық бағыт бойынша 7- 8 сыныптар арасында «Зиянды заттардан аулақ бол!»   тақырыбында тренинг  Мукаранова Т.С. және  Малимбаева Г.Т.   «Нашақорлық    ауру ма, әлде қылмыс па?»   тақырыбынды  сұхбат өткізді.  Мақсаты:    Оқушылар  арасындағы психотропты заттарға  тәуелділігінің  алдын алу. 

       Іс – шара барысында мектепішілік және тәуекел топта есепте тұратын оқушылардың қатыстырылуы қадағаланды.  Жасөспірімдерге    есірткі   заттарына   паталогиялық құмарлық  болашағымызға қауіп төндіріп тұрған індет екені түсіндірілді.     Оқушыларға       психопрофилактикалық    бағытта   «Темекінің зияны, нашақорлықтың індеті»   тақырыбында    видеороликтер көрсетілді.  Топтық жұмыста жасөспірімдер  өз ойларын  ватманға суреттеп,  пікір алмасып   қорғады.    Мектеп психологтары  «Жоқ» деп айт жаттығуы мен ситуациялық жағдайлардан шыға білуде рөлдік  ойындар   ойнатты.  Салауатты өмір салтын қалыптастыруда  өз ерік жігерін бақылай білуге арналған психологиялық   кеңестер берілді. Соңында   оқушылар алған әсерлерімен   бөлісті.

Консультация бағыты бойынша  13 оқушы жеке кеңес беруге шақырылып  кеңес беру журналына тіркелінді.



Күн тәртібіндегі үшінші мәселе бойынша, әлеуметтік педагог, Ж.Б. Жадыраева сөз алды: Биылғы 2021-2022 оқу жылында, мектебімізде 16 жетім және ата-анасы балаға деген құқықтарынан айырылған оқушылар бар. Олардың ішінде 7 оқушының ата-анасы балаларына деген құқықтарынан айырылса 9 оқушы тұл жетім. Сонымен қатар мектебімізде «Сара» отбасы үлгісіндегі балалар үйінің 5 тәрбиеленуші оқиды және «патронаттық тәрбиеде» 3 оқушы бар. Қалған 8 оқушы өздерінің туыстарында қамқорлықта. Аталған отбасыларының барлығына әлеуметтік жағдайын зерделеу мақсатында рейдтік жұмыстар жүргізілді. Жүргізілген рейд нәтижелері бойынша барлық оқушылардың әлеуметтік жағдайлары жақсы, баланың білім алуына және өмір сүруіне жақсы жағдай жасалған. Қамқоршылардың жеке үйлерінде тұрады. Қамқорлықтағы балалар өздерін қамқоршыларымен жақсы қарым қатынаста екендіктерін айтты. 

Күн тәртібіндегі төртінші мәселе бойынша мәселе бойынша ДТІЖО, С.М.Айтбаева сөз алды: Биылғы 2021-2022 оқу жылында мектепте жалпы құқықтық білім беру бағдарламасын оқушылар арасында, ата-аналармен жүргізілетін жалпы құқықтық білім беруді және мұғалімдерге арналған құқықтық жалпы оқыту бағдарламасын орындау мақсатында төмендегі мұғалімдерге құқықтық жұмыстардың жүргізілуі тапсырылды: Э.М.Ұзақбаева оқушылар арасындағы жалпы құқықтық білім беруге, Сакенұлы Айбол ата-аналармен жүргізілетін жалпықұқықтық білім беруге және мұғалімдерге арналған құқықтық жалпы оқытуға А.Б.Смагулова бекітілді.


Шешімі:

1. МІЕ және ІІБ инспекторы есебіндегі оқушылармен жұмыс жалғасын тапсын.

2.Қамқорлыққа алынған балалардың тұрмыстық жағдайын зерттеу наурыз айында тағы жүргізілсін.

3.Құқықтық жалпы білім бойынша пән мұғалімдері жұмысын тыңғылықты атқарсын.



Мектеп директоры                Урпекова К.О.


    Хатшы                                  Жадыраева Ж.Б.