Құқық бұзушылықтың алдын-алу кеңес отырысының №___ хаттамасы » № 3 Қарғалы орта мектебі
Алматы облысы білім басқармасының
Жамбыл ауданы бойынша білім бөлімінің
"Қарғалы №3 орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 70-31-1-55
есепші бөлімі:
+7(72) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Құқық бұзушылықтың алдын-алу кеңес отырысының №___ хаттамасы
01
январь
2022

Құқық бұзушылықтың алдын-алу кеңес отырысының №___ хаттамасы

«Қарғалы №3 орта мектеп» КММ

Құқық бұзушылықтың алдын-алу кеңес отырысының

  №___  хаттамасы

      27.08.2021ж                                                                                Қарғалы ауылы

Қатысқандар:

  1. Мектеп директоры                         К.О.Урпекова
  2. Хатшы,әлеуметтік педагог             Ж.Б.Жадыраева 

Кеңес мүшелері  

  1. ДОІЖО                                           Ш.Г.Сейтахунова
  2. ДОТІЖО                                         М.М.Карымбаева
  3. ДТІЖО                                            С.М.Айтбаева
  4. ДТІЖО                                            Б.О. Омарбекова
  5. Мектеп инспекторы                        Ф.Набиев
  6. Педагог ұйымдастырушы             А.Ө.Өміртай
  7. Педагог-психолог                          Т.Мукаранова
  8. А.Ә.Д. пәнінің мұғалімі                 А.А.Апсаметова 
  9. Құқық пәнінің мұғалімі                  К.А.Жакупова
  10. Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі      А.С.Жарылқасынова
  11. Ата-аналар комитетінің төрайымы                   А.Н.Молдагалиева
  12.  11 сынып оқушысы                                   Е.Тоқан                               


Күн тәртібі:

  1. 2020-2021 оқу жылындағы Құқық бұзушылықтың алдын алу кеңесінің жұмыс есебі.
  2. Жаңа оқу жылында құқық бұзушылықтың алдын алу кеңесінің жұмысын ұйымдастыру.
  3. Бірлескен жұмыс жоспарын бекіту.
  4. Мектепішілік бақылауға қою туралы

Тыңдалды:

Бірінші мәселе бойынша мектеп директоры К.О.Урпекова сөз алды.  Ол   құқық бұзушылықтың алдын алу   кеңесі: құқықтық тәрбиедегі ең жауапты орган, оқушылар мен жастар арасында бұзақылыққа жол бермейтін, жасөспірімдер арасында құқықтық білімді көтеретін, құқықтық білім беретін топ екендігін баса айтты.

2021-2022 оқу жылына қылмыстың алдын алу кеңесінің құрамымен таныстырып өтті.

Мектеп директоры                         К.О.Урпекова

Хатшы,әлеуметтік педагог             Ж.Б.Жадыраева 

Кеңес мүшелері  

ДОІЖО                                           Ш.Г.Сейтахунова

ДОТІЖО                                         М.М.Карымбаева

ДТІЖО                                            С.М.Айтбаева

ДТІЖО                                            Б.О. Омарбекова

Мектеп инспекторы                        Ф.Набиев

Педагог ұйымдастырушы             А.Ө.Өміртай

Педагог-психолог                          Т.Мукаранова

А.Ә.Д. пәнінің мұғалімі                 А.А.Апсаметова 

Құқық пәнінің мұғалімі                  К.А.Жакупова

Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі      А.С.Жарылқасынова

Ата-аналар комитетінің төрайымы                  А.Н.Молдагалиева

        11 сынып оқушысы                                    Е.Тоқан  

 Сонымен қатар,«Құқық бұзушылықтың алдын алу кеңесінің жұмысының» 2020-2021 оқу жылының есебімен таныстырып кетті. Биылғы оқу жылы Құқық бұзушылықтың алдын алу кеңесінің жұмысы нәтижесінде мектепішілік есепке 7 оқушы алынды оның ішінде 5 оқушы мектеп әкімшілігі, сынып жетекшілері және тәлімгерлерінің бірлескен тияқнақты жұмыстарының нәтижесінде есептен шығарылды. Қызіргі таңда мектепішілік есепте 2 оқушы тұр. Сонымен қатар «сәтсіз отбасы» ретінде екі отбасы тіркеліп, оның ішінде 1 отбасы басқа ауданға көшіп кетуіне байланысты «мектепішілік» және «аудандық «сәтсіз отбасы» тізімінен шығарылды. Осы отбасында 2 оқушы болған. «Сәтсіз отбасы» ретінде тізімде тұрған тағы бір отбасы баласы туған апасына нотариалды сенім хат арқылы берілді. Осы тізімде тұрған оқушылармен жұмыс жоспары жазғы демалыс мерзіміне жоспарланып отыр, келесі оқу жылына дейін жұмыстар тоқтатылмайды. Құқық бұзушылықтың алдын алу кеңесінің жүйелі жоспары мен тиянақты атқарылған жұмыс нәтижелі жүргендіктен көптеген құқық бұзушылықты анықтап және алдын алып отырды.

Сөйлегендер.

Екінші мәселе бойынша директордың тәрбие ісінің орынбасары С.М. Айтбаева сөз алды. Өз сөзінде құқықтық тәрбие жұмысын ұйымдастыруда қылмыстың алдын алу кеңесінің  маңызы туралы айтып өтті.

       Кеңестің мақсаты: қылмысты алдын алу және жалпыға бірдей құқықтық білімді дамыту. Құқық бұзушылықтың алдын алу кеңесінің міндеттері мен  мазмұны туралы мәлімет беріп, жұмыс жоспарымен таныстырды. 


Мектеп директоры К.О.Урпекова барлық айтылған пікірлер мен сөздерді тыңдап, жоғарыда айтылған ойларды ескере отырып жоспар құрылуы керек екенін айтты.


Шешімі:  

  1. Жаңа оқу жылында құқық бұзушылықтың алдын алу кеңесінің жұмыс жоспары құрылсын.
  2. Бірлескен жұмыс жоспары құрылып бекітілсін.

Мектеп директоры                          Урпекова К.О


Хатшы:                                        Жадыраева Ж.Б.