Құқық бұзушылықтың алдын-алу кеңес отырысының кезектен тыс өткізілген №___ хаттамасы » № 3 Қарғалы орта мектебі
Алматы облысы білім басқармасының
Жамбыл ауданы бойынша білім бөлімінің
"Қарғалы №3 орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 70-31-1-55
есепші бөлімі:
+7(72) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Құқық бұзушылықтың алдын-алу кеңес отырысының кезектен тыс өткізілген №___ хаттамасы
01
январь
2022

Құқық бұзушылықтың алдын-алу кеңес отырысының кезектен тыс өткізілген №___ хаттамасы

«Қарғалы №3 орта мектеп» КММ

Құқық бұзушылықтың алдын-алу кеңес отырысының кезектен тыс өткізілген   №___ хаттамасы

21.09.2021ж                                                                                Қарғалы ауылы


Қатысқандар:

  1. Мектеп директоры                         К.О.Урпекова
  2. Хатшы,әлеуметтік педагог             Ж.Б.Жадыраева 

Кеңес мүшелері  

  1. ДОІЖО                                           Ш.Г.Сейтахунова
  2. ДОТІЖО                                         М.М.Карымбаева
  3. ДТІЖО                                            С.М.Айтбаева
  4. ДТІЖО                                            Б.О. Омарбекова
  5. Мектеп инспекторы                        Ф.Набиев
  6. Педагог ұйымдастырушы             А.Ө.Өміртай
  7. Педагог-психолог                          Т.Мукаранова
  8. А.Ә.Д. пәнінің мұғалімі                 А.А.Апсаметова 
  9. Құқық пәнінің мұғалімі                  К.А.Жакупова
  10. Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі      А.С.Жарылқасынова
  11. Ата-аналар комитетінің төрайымы                   А.Н.Молдагалиева
  12.  11 сынып оқушысы                                   Е.Тоқан                                        

Шақыртылды:

  1. 7 «А»- сынып оқушысы Лениншил Ахметжанның әкесі: Лениншил Адилбек

Күн тәртібі:


7 «А»- сынып оқушысы Лениншил Ахметжанның тәртібін қарау


Тыңдалды:

Күн тәртібіне қойылған  мәселе бойынша Құқық бұзушылықтың алдын алу кеңесінің төрайымы мектеп директоры  К .О Урпекова сөз алды.   Күн тәртібіндегі мәселе бойынша кеңес мүшелерін таныстырып, сөз кезегін сынып жетекшісі Сәрсенбаева Гулшат Нуртаевнаға берді.

Сөйлегендер.

Г.Н. Сәрсенбаева: Құрметті мектеп директоры, ұстаздар, менің  7 «А» сыныбымда оқитын Лениншил Ахметжан сабақ басталғаннан бақылауға алып жүрмін. Ахметжанның тәртібі негізінен жақсы, сабағы да қанағаттанарлық. Шахмат және күрестен үйірмелерге қатысады. Мектепішінде оқушыларға үстемдік көрсетеді. Сабақтан бос уақытта далада жүреді,өзінің қалауымен іс-әрекеттерді қабылдайды.

Жадыраева Ж.Б., әлеуметтік педагог: Лениншил Ахметжан, Сәт көшесінде №4 үйде тұрады. Ахметжан толыққанды отбасынан шыққан. Осы күнге дейін мектепішілік есепке алынбаған.  Отбасында анасымен әкесінен басқа ағасы Лениншил Нұрлан бар.

С.М.Айтбаева: Лениншил Ахметжанның тәртібі нашар, қатарластарымен төменгі сыныптарына өз үстемдігін жиі жүргізеді. Соңғы уақытта жиіленіп кетті тәртіпсіздігі. Баланы уақытында мектепішілік есепке алып, бақылау,қадағалау жұмыстарын жүргізбесе тәртібін жіберіп аламыз деген ойдамын. Сондықтан Ахметжанды «мектепішілік есепке» алуды ұсынамын. 

Ата-ана, Лениншил Адилбек: мен ең алғаш сіздерден басымды иіп кешірім сұраймын. Мен ұлыма өмір сүруі, білім алуы үшін барлық жағдайды жасап келемін. Ұлымның бұндай бұзақылығын білмедім. Үйге барғанда баламмен тәрбие жұмыстарын жасаймын, мектепке өзім алып келіп, өзім алып кететін боламын. Баламның тәртіп тәрбиесіне көмек беретін болса, мектепішілік есепке қарсы емеспін,алдағы уақытта бірлесіп жұмыс жасайық, сіздерге үлкен рахмет.

Мектеп директоры К.О.Урпекова барлық айтылған пікірлер мен сөздерді тыңдап, жоғарыда аталған оқушыларды  мектепішілік есепке алып, Күнделікті бақылауға мектеп әкімшілігі тарапынан алуға және сынып жетекшінің күнделікті бақылауға алынуы керектігін айтты. Сонымен қатар, Ахметжанға тәлімгер тағайындау керектігін айтты.


Шешімі:  

  1. 7 «А» сынып оқушысы Лениншил Ахметжан, мектепішілік есепке алынсын.
  2. Мектеп әкімшілігі мен сынып жетекшісінің күнделікті бақылауына алынсын.
  3. 7 «А» сынып оқушысы Лениншил Ахметжанға тәлімгер тағайындалсын.


Мектеп директоры                          Урпекова К.О


    Хатшы:                                                      Жадыраева Ж.Б.