Айтып өткен ақында арман бар ма? » № 3 Қарғалы орта мектебі
Алматы облысы білім басқармасының
Жамбыл ауданы бойынша білім бөлімінің
"Қарғалы №3 орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 70-31-1-55
есепші бөлімі:
+7(72) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Айтып өткен ақында арман бар ма?
01
февраль
2022

Айтып өткен ақында арман бар ма?

Бүгін менің туған күнім, ой пәлі-ай!
Мына жұрттар неғып жатыр тойламай?!
Банкет жасап берер едім өзім-ақ,
Тәңірім бір жарытпай-ақ қойғаны-ай!- деп, жырлап өткен Мұқағали Мақатаевтың бүгін туған күні. Дәл бүгін, туған күнінде «Қарғалы №3 орта мектеп» КММ –де мектепішілік «Айтып  өткен  ақында  арман  бар  ма?» атты Мұқағали оқуларын кітапханада өткізді. Байқауға Мұқағали өлеңдерін жаны жақсы көретін, мәнеріне келтіріп оқитын 5-9 сынып оқушылары қатысты. Оқушыларымыздың өнерін бағалайтын әділқазылар алқасы таныстырылып, қонақ ретінде ауылдың кітапхана меңгерушісі  Есебаева Гульназ Арыстанбековна  шақырылды.
 Байқаудан оза шыққан оқушылар: Азат Қ, Қадырмолда А, Сейілхан А, Абдырайымова А, Махмудов Е, Қадырмолданова Ж, Сұлтан Е, Мұхамедқазы А.
«Өлсе өлер Мұқағали Мақатаев,
 Өлтіре алмас алайда өлеңді ешкім»- деп, өзі айтып кеткендей өлең мәңгілік жасай бермек! Ақынның ой айтудағы өткірлігі, батылдығы біздерге өнеге, тәлім, сабақ берері сөзсіз.

Ұйымдастырушылар:Ускембаева С.С, Боранбаева Р.Ч.