Ы.Алтынсариннің 180 жылдығына арналады » № 3 Қарғалы орта мектебі
Алматы облысы білім басқармасының
Жамбыл ауданы бойынша білім бөлімінің
"Қарғалы №3 орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 70-31-1-55
есепші бөлімі:
+7(72) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Ы.Алтынсариннің 180 жылдығына арналады
01
январь
2022

Ы.Алтынсариннің 180 жылдығына арналады


«Ұлы тұлға мұрасы-бізге өнеге» (Ы.Алтынсариннің  180 жылдығына арналады)

Мақсаты: оқушылардың қазақ халқының алғашқы ұстазы Ыбырай Алтынсариннің өнегелі өлеңдері мен әңгімелерінен үлгі алуына, еліне, халқына, ұлы тұлғаға деген сүйіспеншілігін арттыруға. Олармен танымдық сабақ  жүргізе отырып дүниетанымын кеңейту, есте сақтау , шығармашылық қабілеттерін дамыту, сөйлеу мәдениетін қалыптастыру. 


1-жүргізуші:  Армысыздар , саналы сөзді сары алтыннан артық бағалаған қадірменді қонақтар мен құрметті ұстаздар және білім алушылар оқушылар! Бүгінгі Ыбырай Алтынсариннің туғанына 180 жыл толуына байланысты : «Ұлы тұлға мұрасы-бізге өнеге» атты танымдық сабағымызға  қош келдіңіздер!

Мұғалім: Сабағымызды бастамас бұрын Ыбырай Алтынсариннің өмірбаянына қысқаша тоқталып өтсек.

Ыбырай Алтынсарин 1841 жылы 20 қазанда Қостанай облысы , Арақарағай болысында, ауқатты отбасында дүниеге келген. Ы.Алтынсаринның 1879 жылы «Қазақ хрестоматиясы» атты алғашқы оқулығы жарық көрді.

Ыбырай Алтынсарин – ағартушы, педагог, жазушы, этнограф фольклоршы, аудармашы.


2-жүргізуші: 

«Сауатты болса екен» деп қазақ халқын,

Білімге бастап беріп жолды салды.

Тәлімді , тәрбиелі еңбегімен,

Ыбырайдан өшпестей мұра қалды.


1-жүргізуші:

Сәлем жолдап шәкіртке дұғай-дұғай,

Ұрандап өлеңімен келді Ыбырай.

Жас ұрпаққа жар салып жаныменде,

«Кел –балалар ,оқылық» деді Ыбырай.


Ән « Кел-балалар, оқылық!»


Мұғалім: Ал енді танымдық,тәрбие беретін сабағымыздың кезеңдерімен таныс болайық.

  • 1.Ыбырай өлеңдерін мәнерлеп,жатқа оқу.
  • 2.Ыбырай Алтынсарин атамыздың тәлімді,тәрбиесі мол нақыл сөздері мен шығармаларына кезек береміз.
  • 3. «Сұрақ-жауап» ойыны.


2-жүргізуші:

Кейінгі ұрпақ жырларын жаттап қанықты

Үлгі тұтып бәйтеректей алыпты.

Көкірегі ояу, сезімді ұрпақ қайдасын,

Өлеңдер оқып, өзіңді бір танытшы-дей келе, өлеңдерге кезек берейік.


1-ші оқушы: Кел,балалар оқылық! (Анвар)

Кел, балалар, оқылық,
 Оқығанды көңілге
 Ықыласпен тоқылық.
 Оқысаңыз, балалар,
 Шамнан шырақ жағылар,
 Тілегенің алдыңнан
 Іздемей-ақ табылар.
 
 Кел, балалар, оқылық,
 Оқығанды көңілге
 Ықыласпен тоқылық.
 Мал дәулеттің байлығы,
 Бір жұтасаң жоқ болар,
 Оқымыстың байлығы,
 Күннен- күнге көп болар,
 Еш жұтамақ жоқ болар.
 
 

2-ші оқушы: (Сүлейман)

Кел, балалар, оқылық,
 Оқығанды көңілге
 Ықыласпен тоқылық.
 Сиса көйлек үстіңде
 Тоқуменен табылған.
 Сауысқанның тамағы
 Шоқуменен табылған.
 Өнер-білім бәрі де
 Оқуменен табылған.

3-ші оқушы: (Айару)

Кел, балалар, оқылық,
 Оқығанды көңілге
 Ықыласпен тоқылық.
 Оқу деген шыны – ды,
 Тұрған сайын шыныққан.
 Оқу білген адамдар
 Май тамызған қылыштан.
 Білмегенді білуге
 Есті бала тырысқан,
 Есер бала ұрысқан.
 
 Кел, балалар, оқылық,
 Оқығанды көңілге
 Ықыласпен тоқылық.
 Әлпештеген ата–ана
 Қартаятын күн болар.
 Қартайғанда жабығып,
 Мал таятын күн болар.
 Ата–енең қартайса -
 Тіреу болар бұл оқу,
 Қартайғанда мал тайса
 Сүйеу болар бұл оқу.

4-ші оқушы:Өзен (Раян)

Таулардан өзен ағар сарқыраған,
 Айнадай сәуле беріп жарқыраған.
 Жел соқса, ыстық соқса бір қалыпта,
 Аралап тау мен тасты арқыраған.
 Көңілің суын ішсең ашылады,
 Денеңде бар дертінді қашырады.
 Өксіген оттай жанып жануарлар
 Өзеннен рақат тауып басылады.

5-ші оқушы: Ананың сүюі (Нелли)

Кім сендерді, балалар, сүйетұғын,ана, бала,
 Қуанышыңа қуанып, қайғыңа күйетұғын?
 Түн ұйқысын төрт бөліп, кірпік қақпай,
 Шешең байғұс дамылсыз жүретұғын.
 
6-шы оқушы: (Томирис)

Кім сендерді, балалар, тербететін,
 Еркелетіп, ойнатып, сергітетін.
 Жалқау болсаң, балалар, жаман болсаң,
 Қамқор анаң көз жасын көлдететін.

7-шы оқушы: ( Тілеубек Аружан)

Кім сендерді сағынар шетке кетсең,
 Ғылым іздеп, тез қайтпай, көпке кетсең,
 Ұмытпа, ең кемінде жұлдыз сайын,
 Хат жазып тұр, төбесі көкке жетсін.

8-шы оқушы:  (Зере)

Кім сағынар сендерді келгеніңше,
 Құлындарын көзімен көргенінше,
 Сендер қайтып келгенде адам болып,
 Еш арманым болмас ед өле-өлгенше.

9-ші оқушы: Өнер-білім бар жұрттар (Настя)

Өнер - білім бар жұрттар
 Тастан сарай салғызды;
 Айшылық алыс жерлерден,
 Көзіңді ашып - жұмғанша,
 Жылдам хабар алғызды.

10-ші оқушы: (Ксения)
 
Аты жоқ құр арбаны
 Мың шақырым жерлерге,
 Күн жарымда барғызды.
 Адамды құстай ұшырды;
 Мал істейтін жұмысты
 От пен суға түсірді;

11-шы оқушы: (Аружан)

Отынсыз тамақ пісірді,
 Сусыздан сусын ішірді.
 Теңізде жүзді балықтай,
 Дүниені кезді жалықпай,
 Білгендерге осылар
 Бәрі - дағы анықтай,
 Білмегенде танықтай;
 Біз де бекер жатпалық,
 Осыларға таныспай;



1-жүргізуші: 

Кім білімді өнерпаз білейікші,

Оқушылар алғыр деп жүрейікші.

Жауабын тез де,нақты табатұғын

Оқушыға сәттілікті тілейікші!

   -дей келе 2-ші кезеңімізді бастаймыз.

Мұғалім: Ыбырай Алтынсариннің тұжырымды ойға толы нақыл сөздері мен мақал мәтелдері мұра болып қалған.Бүгінгі күні ұлы бабамыздың тағлымы біз үшін үлкен тәрбие мектебі.Сондықтан да,Алтынсарин атамыздың тәлім-тәрбиесі мол нақыл сөздері мен шығармаларына тоқталамыз.

Ендеше,танымдық сабағымыздың келесі кезеңі әрі қарай жалғасады.Алтынсариннің 1)«Өрмекші,Қарлығаш,Құмырсқа» көрінісін тамашалай отырып,Ыбырай шығармалары мен нақыл сөздерінің мазмұнын сәйкестендіресіңдер.

2) «Әке мен бала» койылымы бойынша мына мәлтелдерді:

«Аз жұмысты қиынсынсаң-көп жұмысқа тап боласың,азға қанағат ете алмасаң-көптен құра қаласың»- деген ойды түсіне отырып,нақыл сөзбен сәйкестендіру.


Нақыл сөздер:
 
Бейнетсіз рахат жоқ


 Ісі жоқтың-асы жоқ
 
 
Өнер,білім-бәрі де оқуменен табылған


 
Еңбекпен табылған тамақ тәтті әрі сіңімді болады.
 
 Еңбектің түбі - рахат.

1 –жүргізуші:

Жас ұрпақ білім алды әр салада

Алғырлар өнер десе жан салама

«Өнер білім бар жұрттар» деген сөзі

Мәңгілік із қалдырды әр санаға

Дей келе,сабағымыздың 3-ші кезеңі «Сұрақ-жауап» ойынын бастаймыз.


1.Ыбырай туып өскен жер?

а)Қостанай облысының Затобол ауданы, Арқарай ауылы

b)Семей облысы,Қарқаралы уезі

c)Торғай облысы,Торғай уезінің Сарытүбек 


2.Ыбырай Алтынсарин қашан дүниеге келді?

a)1841 жылы 20 қазанда

b)1886 жылы 5 наурыз

c)1941 жылы 6-қазан


3.Қазақ хрестоматиясы оқулығы қайда, қай жылы шықты?

a)Орынбор қаласы 1879 ж

b)Петербург қаласы 1904ж

c)Отырар қаласы 1913 жылы


4.Өзен өлеңінде автор нені бейнеледі?

a)Табиғат бейнесі

b)Мейірімділік бейнесі

c)Білімге шақыру.


2 жүргізуші: 

Жалғассын бүгінгі күн дәстүр-салтын

Күндей күліп,өмрің болсын жарқын

Бас иіп ұлы Ыбырай рухына

Көтерейік бірігіп атақ-даңқын!


 Мұғалім:Олай болса,Кезіндегі жаңашыл педогог ұлы тұлға Ыбырай Алтынсариннің жастарды білім алуға,өнерге,ғылым жолына түсіре үндеген ой-тұжырымдары бүгінгі ұрпақ үшін де өзекті екені анық.

Ыбырай атаның мұрасы-бізге өнеге.Оны үлгі тұта отырып,білімімізді дамытып,тәуелсіздік тұғырын биіктетіп,көк туымызды желбірету-біздің міндетіміз.


Сонымен қатар,ұлы тұлғалардың салып берген сара жолымен ұлы көшті бастап келе жатқан еңселі еліміз тәуелсіздігіне бүгінде 30 жыл.Еліміздің нығайып,тәуелсіз керегесі кеңейіп келеді.Тәуелсіздік тірегі-білімді ұрпақ болғандықтан, біздің бүгінгі көрсеткен өнер-біліміміз тәуелсіздіктің мерейтойына қосқан үлесіміз. Біз елімізді,еліміздің тарихи тұлғаларын мақтан етеміз.


ХОРМЕН: Еліміздің тәуелсіздігі берік болсын!Ұлы тұлға мұралары мәңгі жасасын!


ӘН «ТӘУЕЛСІЗ ЕЛІМ»


1 жүргізуші Осымен танымдық сабағымызды аяқтаймыз. Назар қойып тыңдағандарыңызға рахмет!!!