"Менің Отаным " атты мәнерлеп оқу сайысы » № 3 Қарғалы орта мектебі
Алматы облысы білім басқармасының
Жамбыл ауданы бойынша білім бөлімінің
"Қарғалы №3 орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 70-31-1-55
есепші бөлімі:
+7(72) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » "Менің Отаным " атты мәнерлеп оқу сайысы
01
январь
2022

"Менің Отаным " атты мәнерлеп оқу сайысы

"Менің Отаным " атты мәнерлеп оқу сайысы

Мақсаты:

Жас ұрпақты Отанын сүюге, еліміздің рәміздерін қастерлеуге, бай – қуатты ел екендігін мақтан етуге үйретіп, туған еліне, жеріне деген сүйіспеншілігін арттырып, махаббат сезімін ояту.
 
Жүргізуші 1:

Сәлеметсіңдер ме құрметті де кішкентай достарым!
 
Бүгінгі үлкен мерекеміз біздің Елімізге, біздің Елбасымызға арналады.

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Әнұраны орындалады.

Сайысты бастамас бұрын  біз жеребе өткіздікСан ретімен қатысушылар сахнаға шығып, өзінің өлеңін мәнерлеп оқиды.
 
 Ал енді әділ-қазыналармен танысайық.

 Алдарыңызға сайыскерлер шығ
ып, өз өнерлерін көрсетеді.

Жүргізуші 2:

Өнерпаздар жарысып сан-саналы.
 Жиын десе той десе жан салады.
 Кешіміздің ашылу құрметіне.
 Әуелеген  
өлеңдер жолданады
 
Енді сахнамызға сайыскерлерімізді  шақырайық
 
Қазақстан - көк байрақты ел едің,

Сен дегенде лүпілдейді жүрегім.

Өзің менің мақтанышым, тірегім,

Өзің менің қуанышым, бақытым

 Туған елім бүгін саған не дейін.
 Ертегідей ертеңіне сенейін
 Бүгінгідей бүкіл әлем алдында
 Асқақтасын мәртебең мен мерейің!
 
Жүргізуші 1:

Қазақстан - сен заңғар биіксің, кеңсің.  

Біздің жанымыз өзіңе деген мақтанышқа бөленген.

Біз сенің атыңды жер бетіне жар салар перзентіңбіз,

тәуелсіздікті мықтап қолға ұстайтын балаңбыз!

Біз - тәуелсіз қазақ елінің ең жас жеткіншектеріміз.

Сондықтан өз жерімізді, өз елімізді, әкелеріміз бен аталарымыз сияқты қадірлеуге, сүюге, қорғауға тиісті екенімізді естен шығармайық дегім келеді.  

Атамекен әні орындалады

Оқушылар сіздерге көп - көп рахмет. Келесі кездескенше! Сау саламатты болыңыздар!

Туған жер 

Кеңсің дала,

Туған ана,

Көйлегің кең көк ала!

Жан беретін,

Тән беретін,

Мейірімді ана сен ғана.  

Сенің Отаның    

Отан сенің ата – анаң

Отан – досың, бауырың,

Отан- өлкең, астанаң,

Отан – аудан, ауылың.

Отан

Отан – тарих, Отан – тіл,

Жасаған елің, өз халқың.

Отан – өлең, Отан – жыр,

Көтерген көкке ел даңқын.

Отан

Отан осы, достарым,

Көңілге мұны түйе біл.

Отан деп өсіп жас жаның,

Оны ардақтап сүйе біл.

Отан туралы   

Мен оның түнін сүйем, күнін сүйем,

Ағынды өзен, асқар тау, гүлін сүйем,

Мен оның қасиетті тілін сүйем,

Мен оның құдіретті үнін сүйем.

Бар жәндігін сүйемін қыбырлаған,

Бәрі маған «Отан» деп сыбырлаған.

Жаным менің кеудемді жарып шық та,

Бозторғайы бол оның шырылдаған.

Отан! Отан!

Бәрінен биік екен,

Мен оны мәңгілікке сүйіп өтем...

Отаным    

Отаным – өзегім сен!

От алдым өзіңнен мен.

Жаралдым топырағыңнан,

Нәр алдым өзеніңнен.

Өңірді жаңарта алам,

Өмірді жалғап қалам!

Сен үшін еңбек етіп,

Ел ісін алға апарам!

  Отан

Отан дейміз от жаққан жерімізді,

Отан дейміз өсірген елімізді.

Отан дейміз туған жер, атамекен

Биік тау, орман, тоғай, көлімізді.

Отаным

Атам, Әжем, Әкем, Анам -
 Төртеуі де «Отан!» маған
 Төртеуі де «Ботам» дейді
 «Ер азамат атан!» дейді
 Мақтанамын Отаныммен,
 Отаныма «Ботамын» мен!

Ұлы Отан

Бақытты боп жүргенім,
 Сенің арқаң, Ұлы Отан.
 Елім менің тірегім,
 Құшағыңда гүл атам.

Сарқылмайтын қуатым

Тірегімсің сен, Отан.

Мәңгі соғып тұратын

Жүрегімсің сен, Отан!