«Ерте жүктліктің ертеңі қандай болмақ?» тақырыбында жиналыс өткізілді. » № 3 Қарғалы орта мектебі
Алматы облысы білім басқармасының
Жамбыл ауданы бойынша білім бөлімінің
"Қарғалы №3 орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 70-31-1-55
есепші бөлімі:
+7(72) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » «Ерте жүктліктің ертеңі қандай болмақ?» тақырыбында жиналыс өткізілді.
25
ноябрь
2022

«Ерте жүктліктің ертеңі қандай болмақ?» тақырыбында жиналыс өткізілді.

25.11.2022 жылы Қарғалы № 3 орта мектебінде «Айғаным» қыздар клубының жетекшісі С.С.Ускембаеваның және мектеп медбикесі А. Джанжигитованың  ұйымдастыруымен 8-11 сынып оқушыларына( қыздар) «Ерте жүктліктің ертеңі қандай болмақ?» тақырыбында  жиналыс өткізілді. Жиналысқа ауыл ауруханасынан дәрігер-гинекологтар және психиатр маманы шақырылды. Дәрігерлер қыздарға  ерте жастағы жүктіліктің алдын алу туралы баяндама оқып, видео көрсетті. Дәрігер Жанар Нургазиевна қыздарға «АИТВ жұқпасының қалай алдын аламыз?» тақырыбында презентация көрсетті.  Ал, психиатр Айкерим Тасболатовна қыздармен тренинг өткізді. Жалпы, қыздар қысылмай сұрақтарын қойып, жауап алды. Жиналыстың соңында дәрігерлер қыздарға өз ақыл кеңестерін айтып, анықтама парақтар (брошюра) таратты.