Қарғалы №3 орта мектебінде “Ғылым күніне” байланысты іс-шаралар өткізілді » № 3 Қарғалы орта мектебі
Алматы облысы білім басқармасының
Жамбыл ауданы бойынша білім бөлімінің
"Қарғалы №3 орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 70-31-1-55
есепші бөлімі:
+7(72) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Қарғалы №3 орта мектебінде “Ғылым күніне” байланысты іс-шаралар өткізілді
14
апрель
2022

Қарғалы №3 орта мектебінде “Ғылым күніне” байланысты іс-шаралар өткізілді

14 сәуір күні , Қарғалы №3 орта мектебінде “Ғылым күніне” байланысты құрылған жоспарға сәйкес “Жас географшылар” клубы жетекшілері мен клуб мүшелерінің ұйымдастыруымен 5-8 сыныптар арасында іс-шаралар өткізілді. Атап айтатын болсақ, 5-6 сыныптар арасында “Жаратылыстану әлеміндегі құбылыстар мен заттар” тақырыбында макеттер көрмесі өткізілді. Бұл іс-шараға оқушылар өздерінің жаратылыстану пәнінен меңгерген теориялық білімдерін практикалық түрде көрсете біліп, көрмеге қатысуда аса жоғары белсенділік танытты. Оқушылар топтық, жұптық, жеке жұмыстарын қорғауда жоғары дайындықтарын көрсетті. 
Сонымен қатар, аталған клубтың мүшелерінің ұйымдастыруымен 7-8 сыныптар арасында “XXI ғасыр көшбасшысы” атты командалық викториналық сайыс өткізілді. Бұл викториналық сайыс екі кезеңнен тұрды: 
1. Теориялық
2. Практикалық
Бірінші кезеңінде командалар өздерінің географиядан алған теориялық білімдерін сынға салса, екінші кезеңде білімдерімен қоса шығармашылықтары да сынға алынды. Сайыс өте тартысты әрі қызықты өтіп, командалар бір-бірлерімен достық бәсекеге түсті. Аталған іс-шараларға қатысушыларды марапаттау рәсімі, мектепішілік өзін-өзі басқару ұйымы дәстүрлі түрде әр дүйсенбіде өткізілетін жиынында жүргізіледі.