Урпекова Клара Омархановна » № 3 Қарғалы орта мектебі
Алматы облысы білім басқармасының
Жамбыл ауданы бойынша білім бөлімінің
"Қарғалы №3 орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 70-31-1-55
есепші бөлімі:
+7(72) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
26
май
2022

Урпекова Клара Омархановна

Урпекова Клара Омархановна
Туған күні: 1963 жылы 14 наурыз 
Туған жері: Жамбыл облысы Шу ауданы Амангелді ауылы
Ұлты: қазақ
Білімі: жоғары
Оқу орнын бітірген жылы және оның атауы: 1985 жыл - Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық институты
Мамандығы бойынша біліктігі: филология факультеті, орыс тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі
Отбасы:  екі ұлы, 3 немересі бар.
   Еңбек жолымды 1985 жылы Алматы облысы Күрті ауданы Сарытауқұм ауылында орыс тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі болып бастадым.1988-1992 жылдары Қарғалы №3 орта мектебінде орыс тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі, 1992-2005 жылдары Қарғалы № 1 орта мектебінде орыс тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі, 2005-2010 жылдары Қарғалы №2 орта мектеп-гимназиясына директордың  оқу –тәрбие ісі жөніндегі орынбасары қызметіне тағайындалдым. 2010 -2011 жылдары Қарғалы №2 арнаулы мектеп гимназиясына  директордың әдістемелік істері жөніндегі орынбасары ретінде тағайындалып, 2011-2013 жылдары Қарғалы №3 орта мектебінің  директордың оқу-тәрбие ісі жөніндегі орынбасары және орыс тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі ретінде қабылдандым. 2013 жылдан бастап Қарғалы №3 орта мектебінде мектеп директоры қызметін атқарып келемін.
Марапаттарым:
     2016 жылы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінен берілген білім беру жүйесін дамытуға  зор  үлес қосқаны үшін алғыс хаты, 2021 жылы Мұғалімдер күні мерекесіне орай адал еңбегі мен өзінің кәсіби міндеттерін үлгілі орындағаны және біліктілігін жоғары дәрежеде танытқаны үшін Алматы облыстық құрмет грамотасы, 2019 жылы «Табысты көшбасшы» облыстық сырттай байқауының II дәрежелі дипломы мен марапатталдым.
2018 жылы «Алматы облысының білім басқармасы» ММ «Облыстық білім беруді дамыту оқу-әдістемелік кабинеті» ұйымдастырған «Жаңартылған білім беру мазмұны: ізденіспен тәжірибе» атты жинағында «Жаңартылған бағдарлама негізінде бірлесе оқу және оқыту тақырыбы бойынша,2019 жылы «Алматы облысының білім басқармасы» ММ «Облыстық білім беруді дамыту оқу-әдістемелік орталығы» КММ-нің ұйымдастыруымен жинақталған жинақта «Нәтижеге бағытталған басқару: жоспарлау, бақылау, қолдану» тақырыбы бойынша  мақалам жарық көрді.  
 Жалпы орта білім беретін білім беру ұйымдары арасында өткен «Үздік ауыл мектебі-2017» байқауында алғыс хаты, 2019 жылы «Білім беру ұйымының үздік жоспар» сырттай байқауында II дәрежелі дипломмен марапатталды.