«Ұлағат» қамқоршылық кеңесінің №1 хаттамасы » № 3 Қарғалы орта мектебі
Алматы облысы білім басқармасының
Жамбыл ауданы бойынша білім бөлімінің
"Қарғалы №3 орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 70-31-1-55
есепші бөлімі:
+7(72) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » «Ұлағат» қамқоршылық кеңесінің №1 хаттамасы
01
январь
2022

«Ұлағат» қамқоршылық кеңесінің №1 хаттамасы

                                        Алматы облысы Жамбыл ауданы

«Қарғалы №3 орта мектеп» КММ

«Ұлағат» қамқоршылық кеңесінің

№1    хаттамасы


27.08.2021 ж.                                                                                     Қарғалы ауылы                                                                                        


Қатысқандар

1.  Мектеп директоры                                 К.О.Урпекова

2. ДТІЖО:                                                    Айтбаева С.М., Омарбекова Б.О.

3. Хатшы                                                      Жадыраева Ж.Б.

4. Қамқоршылық кеңестің мүшелері 

Қатыспағандар: жоқ

Шақыртылды:

1. Жамбыл ауданының ІІБ-нің 

ЮПТ-ның полиция лейтенанты                    Набиев Ф..

2. Қарғалы ауылдық округі әкімінің 

орынбасары                                                    Тулибеков Т.Е.

3. Жеке кәсіпкер                                          Наметкулова    Ш.О.


Күн тәртібі:


  1. Қамқоршылық кеңестің құрамының өзгеруіне байланысты қайта сайлау.
  2. 2021-2022  оқу жылына арналған Қамқоршылық кеңестің жұмыс жоспарын бекіту.
  3. «Мектепке жол» акциясы туралы.


Тыңдалды:


Бірінші мәселе бойынша сөз кезегін мектеп директоры К.О.Урпекова сөз алып, Қамқоршылық кеңестің төрайымы астанаға жұмыс барысымен ауысып кеткендіктен, Қамқоршылық кеңесінің төрайымы ретінде өз орнын босатқандығын айтты. Кеңес мүшелерінен өз кандидатурасын ұсынатындар бар ма екендігін сұрады. Қамқоршылық кеңес мүшелері Абузярова Динара Жумабаевнаны және оның орынбасары ретінде Тергеусизова Айгул Назарбекованы ұсынды. Қамқоршылық кеңеске қатысып отырған кеңес мүшелері, мектеп әкімшілігі және Жамбыл ауданының ІІБ-нің ЮПТ-ның полиция лейтенанты  Ф.Набиев ешқандай қарсылықтары жоқ екенін айтып, бірауыздан Қамқоршылық кеңестің төрайымы ретінде Абузярова Динара Жумабаевнаны және оның орынбасары ретінде Тергеусизова Айгул Назарбекованы қолдады. Сонымен қатар биылғы оқу жылында ата-аналар комитеті төрайымы болып Молдагалиева Алияның сайлануына байланысты кеңес мүшелеріне қабылданғаны жайында айтты. Қалған кеңес мүшелері сол қалпында қалатынын және хатшы ретінде әлеуметтік педагог Ж.Б.Жадыраева қалатынын жеткізді.

Екінші сұрақ бойынша 2021-2022 оқу жылына арналған Қамқоршылық кеңестің жұмыс жоспарын құру мәселелері талқыланды. Жоспарда «Мектепке жол» жалпыреспубликалық акциясын ұйымдастыру басты назарға алынды. Сонымен қатар жағдайы төмен, көп балалы, жетім оқушылар назардан тыс қалмауы мәселелері талқыланды. Жыл бойына жүретін мерекелік іс-шаралар мен қоғамдық іс-шараларға ат салысқан белсенді оқушыларды марапаттау ұсынылды. Сонымен қатар жоспарға қайырымдық әс-шараларды өткізуде қолдау керектігін, кеңес мүшелері талқыға салды.

Үшінші сұрақ бойынша «Мектепке жол» жалпыреспубликалық акциясын ұйымдастыруда демеушілер қарастыру талқыланды. 

            Сөйлегендер:

Қамқоршылық кеңесінің мүшесі Е.Д.Вакулина  күн тәртібіндегі мәселе бойынша өз пікірін айтты.

Қамқоршылық кеңесінің мүшесі Абузярова Динара Жумабаевна сөз алып, өзіне артылған сеніміне алғыс білдіріп,қамқоршылық кеңестің жұмысы дұрыс жолға қойылғандығын айтты.

 Қамқоршылық кеңестің мүшесі Тергеусизова Айгул Назарбековна сөз алып, мектеп әкімшілігіне ризашылығын білдіріп, сенім артқан қамқоршылық кеңеске алғысын айтты.


Шешімі:

  1. Қамқоршылық кеңестің төрайы болып Д.Ж.Абузярова , орынбасары болып А.Н.Тергеусизова бекітілсін.
  2. Талқыланған мәселелер бойынша Қамқоршылық кеңестің жылдық жоспары бекітілсін.
  3. Жоспарға «Мектепке жол» акциясының өткізілуі енгізілсін.

         



                      Мектеп директоры             К.О.Урпекова  


                       Хатшы                                Ж.Б.Жадыраева 














Алматы облысы Жамбыл ауданы

«Қарғалы №3 орта мектеп» КММ

«Ұлағат» қамқоршылық кеңесінің

№2    хаттамасы


27.12.2021 ж.                                                                                     Қарғалы ауылы                                                                                        


Қатысқандар

1.  Мектеп директоры                                 К.О.Урпекова

2. ДТІЖО:                                                    Айтбаева С.М., Омарбекова Б.О.

3. Хатшы                                                      Жадыраева Ж.Б.

4. Қамқоршылық кеңестің мүшелері 

Қатыспағандар: жоқ

Шақыртылды:

1. Жамбыл ауданының ІІБ-нің 

ЮПТ-ның полиция лейтенанты                    Набиев Ф.

2. Қарғалы ауылдық округі әкімінің 

орынбасары                                                    Тулибеков Т.Е.

3. Жеке кәсіпкер                                          Наметкулова    Ш.О.


Күн тәртібі:


1.Жарты жылдық қорытынды туралы есеп.

2.Жаңа жылдық мерекелер мен демалыстарға дайындық туралы.

3.Оқушылардың арасында қылмыстың алдын алуы туралы мәселелерін талқылау.

Тыңдалды:


Сөз кезегін мектеп директоры К.О.Урпекова сөз алып, күн тәртібіндегі мәселелермен таныстырып өтті.

            Сөйлегендер:

Қамқоршылық кеңесінің төрайымы Абузярова Динара Жумабаевна сөз алып, 2021-2022 оқу жылына құрылған жоспар бойынша, «Мектепке жол» жалпы республикалық акция барысында «Менің таңдауым балаларға көмек» қайырымдылық акциясы ұйымдастырылып, демеушілер тартылды. Демеушілер жағдайы төмен, жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған оқушыларға мектеп формасы және азық-түлік, кеңсе тауарлары мен жаңа жылдық тәттілер мен сыйлықтар ретінде көмектер көрсетілді. Жалпы сомасы 768130 теңге. Сонымен қатар, жоспар бойынша, ЖБББ қоры есебінен тегін тамақтанатын оқушылардың ыстық тамақпен қамтылуын және кезекшілік кестесінің орындалуын қадағаланды. Жылпы 1 жарты жылдық қамқоршылық кеңесінің жұмысы өте сапалы болды деп айта аламын. 

Қамқоршылық кеңес төрайымының орынбасары Тергеусизова Айгул Назарбековна сөз алып, күн тәртібіндегі мәеле бойынша сөз сөйледі. Қазіргі таңда «Мектепішілік есепте» нашар тәртібімен 5 бала есепте тұр. Мектеп оқушыларының ата-аналарымен жиналып, бала тәртібі туралы сөз қозғау керек деп ойлаймын. Тәртіпсіз, білім алу мүмкін емес. Сондықтан ата-аналар үйінен балаларын тәрбиелеп отырса, мектеп әкімшілігі балалардың мектептегі тәртібін қадағаласа дұрыс болар еді. Қоғамда болып жатқан жасөспірімдердің қылмысын, қоғам болып түзету керек. Балаға жауапты бірінші-ата-анасы! Ата-анадан кейін мектеп,орта деп есептеймін.


Шешімі:

  1. «Мектепке жол» акциясы жыл соңына дейін жалғасын тапсын.
  2. Оқушылар арасындағы қылмыстың алдын алу үшін ата-аналарына ата-аналар чатында бала тәрбиесі жөнінде үндеу тасталсын.


                      Мектеп директоры             К.О.Урпекова  


                       Хатшы                                Ж.Б.Жадыраева 


































   Алматы облысы Жамбыл ауданы

«Қарғалы №3 орта мектеп» КММ

«Ұлағат» қамқоршылық кеңесінің

№4    хаттамасы


18.03.2021 ж.                                                                                                             Қарғалы ауылы


Қатысқандар

1.  Мектеп директоры                                 К.О.Урпекова

2. ДТІЖО:                                                    Өміртай А.Ө., Омарбекова Б.О.

3. Хатшы                                                      Жадыраева Ж.Б.

4. Қамқоршылық кеңестің төрайымы         Абсаметова А.М.  

5. Қамқоршылық кеңестің мүшелері 

Қатыспағандар: жоқ

Шақыртылды:

1. Жамбыл ауданының ІІБ-нің 

ЮПТ-ның полиция лейтенанты                    Набиев Ф..

2. Қарғалы ауылдық округі әкімінің 

орынбасары                                                    Тулибеков Т.Е.

3. Жеке кәсіпкер                                          Наметкулова    Ш.О.


Күн тәртібі:


  1. Мерекелік іс-шараларды ұйымдастыру және «Мектепке жол»   жалпы республикалық  қайырымдылық шараларының  күнтізбесіне сәйкес көрсетілген әлеуметтік көмектер туралы.(Абсаметова А.М.)


Тыңдалды:


Бірінші мәселе бойынша Қамқоршылық кеңестің төрайымы   Абсаметова А.М., наурыз айларында өткізілген меркелік іс-шаралармен қатар  «мектепке жол» жалпы республикалық   қайырымдылық шараларының  күнтізбесіне сәйкес көрсетілген әлеуметтік көмектер туралы сөз алды. Ол өз сөзінде жылдық жоспарға сәйкес қайырымдылық іс-шаралардың өткендігіне тоқталды.

Жылдық жоспарға сай «мектепке жол» акциясыжыл бойына жалғасын тауып келеді. Биылғы жылы мектебімізде 16 жетім және АҚҚ оқушы. Жағдайы төмен отбасы балалары 49, көп балалы отбасынан – 395 оқушы, толық емес отбасынан 355 бала. Бұл көрсеткіштер бойынша мектептің әлеуметтік педагогі және «Ұлағат» қамқоршылық кеңесі жағдайы төмен отбасылармен жағдайы төмен көп балалы отбасыларға «Мектепке жол» жалпы республикалық акция барысында демеушілер тартып, көмек көрсетеді. Көмек үздіксіз жыл бойы жүргендіктен, мектептен «жалпыға бірдей білім қоры комиссиясы» тізімнен көмек қажет ететін оқушыларды анықтап отырады.

Ақпан айында көп балалы отбасынан шыққан Аманжол Дінмұхамедтің отбасына 21 800 (жырма бір мың сегіз жүз) теңгеге азық –түлік көмекке берілді. 5 «г» сынып оқушысы Смирнов Дениске сынып ата-аналары және сынып жетекшісі Аманжол Дашу 70 000 (жетпіс мың) теңгеге киім-кешекпен, азық-түлік ретінде көмек көрсетті.

1-наурыз «Алғыс айту» күніне орай ұйымдастырылған «Балаларға бірге көмек берейік» атты акция өтті. Акция барысында мектебіміздің жас мамандары 34 мың теңгеге мектепке қажетті кеңсе тауарларын көп балалы және жағдайы төмен отбасы балаларына сыйға тартты

            Сөйлегендер:

Қамқоршылық кеңесінің мүшесі Е.Д.Вакулина  күн тәртібіндегі мәселе бойынша өз пікірін айтып,  алғысын білдірді.

Қамқоршылық кеңесінің мүшесі Э.М.Касыбаева сөз алып, қамқоршылық кеңестің жұмысы дұрыс жолға қойылған. Ата-аналармен бірлесіп қайырымдылық шараларын ұйымдастырдық, осындай жұмыстар әлі де өз жалғасын табады  деп сенемін.


Шешімі:

  1. Мектептің дамуына қолдау жасау мақсатында  ауыл меценаттарын тарту, байланысты нығайту жұмыстары жалғастырылсын
  2. Қамқоршылық қорына  заттай және қаржылай түскен қаражатты мақсатты жұмсау, бақылау кеңес   төрайымы А.М.Абсаметоваға тапсырылсын.

         



                      Кеңес төрайымы                                      А.М.Абсаметова  


                       Хатшы                                                      Ж.Б.Жадыраева 


























Алматы облысы Жамбыл ауданы

«Қарғалы №3 орта мектеп» КММ 

 «Ұлағат» қамқоршылық кеңес мәжілісінің

                                                               № 1 ХАТТАМАСЫ 


Күні:   .08.2020ж. ж.                                                                                                Қарғалы ауылы


«2020 - 2021 оқу жылында Қамқоршылық кеңесті сайлау туралы»


Төрағалық етуші: Абсеметова А.М.

Мәжіліс хатшысы: Каракулова Ф.К. 

Қатысқандар

1.  Мектеп директоры                                К.О.Урпекова

2. ДТІЖО:                                                   Айтбаева С.М., Омарбекова Б.О.

3. Хатшы                                                     Жадыраева Ж.Б..

4. 54 адам, паралельді 1-11 сыныптардың ата-аналар комитетінің өкілдері.(Тізімі қосымша берілген.)

Қатыспағандар: жоқ

Шақыртылды:

1. Жамбыл ауданының ІІБ-нің 

ЮПТ-ның полиция капитаны                   Набиев Ф.А.

2. Қарғалы ауылдық округі әкімінің 

орынбасары                                                 Тулибеков Т.Е.

3. Жеке кәсіпкер                                         Наметкулова   Ш.О.


Күн тәртібі:


  1. 2020-2021 оқу жылына мектепте  Қамқоршылық кеңесті сайлау туралы.
  2. Қамқоршылық кеңестің тізімдік құрамын қалыптастыру.
  3. Қамқоршылық кеңестің төрағасын, хатшысын сайлау.

    Баяндамашы: мектеп директоры К.О.Урпекова.


Тыңдалды:


  1. Мектеп директоры К.О.Урпекова ҚР БҒМ 27.07.2017ж. №355 бұйрығымен бекітілген Білім беру ұйымдарында қамқоршылық кеңестің жұмысын ұйымдастыру және оны сайлау тәртібінің үлгілік қағидаларымен таныстырды. Қатысушыларды Қамқоршылық кеңеске мүшелікке үміткерлерді таныстырды, мектептің Қамқоршылық кеңесінің төрағасының міндеттері мен құзыретті шеңберімен таныстырды. Интернет ресурсқа Қамқоршылық кеңес құру туралы хабарландыруды жариялаған соң мектебіміздің Қамқоршылық кеңесінің құрамы бекітілетінін хабарлады. Қамқоршылық кеңесінің   негізгі  міндеттері мен  қызмет    бағыттарына түсініктеме беріп,   қамқоршылық кеңестің  жұмысын ұйымдастыру  мен  тәртібі жайында айтты. Қамқоршылық кеңестің құрамын қалыптастырып, төрағасы мен хатшысын сайлау туралы ұсыныс жасады.

Сөйлегендер: директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Б.О. Омарбекова бірінші мәселе   бойынша    мектептің барлық мәдени, салауатты өмір салтын қалыптастыру, балаларға арналған әр түрлі интеллектуалды, ғылыми жоба, байқау, спорт жарыстарына балаларды қатыстырып, жетім, АҚҚ, көпбалалы, жағдайы төмен отбасы балаларына   қаржылай көмек көрсету үшін  қамқоршылық кеңес қорын қалыптастырып, оған меценаттар мен демеушілерді тартуды ұйымдастыру керектігі туралы айтып өтті. Мектептің әлеуметтік жағдайымен таныстырды. Биылғы оқу жылында 8 жетім (АҚҚ) оқушы және 94 оқушы жалпыға бірдей білім қорының есебіне алынғандығы жайында айтып, тізімімен таныстырып өтті. 

Екінші мәселе бойынша    Манкеева И.С. сөз алып, қамқоршылық кеңесінің қызметі, мақсаты туралы айтты. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2017жылғы 27 шілдедегі 355 бұйрығымен таныстырып, қамқоршылық кеңестің жұмысын ұйымдастыру және оны сайлау тәртібінің үлгілік қағидалары, жалпы ережелерін талқылады. Қеңес мүшелерінің саны тақ, бір-бірімен ешқандай туыстық жекжаттық қатынасы жоқ кемінде тоғыз адамнан құрылады, деп Қамқоршылық кеңестің құрамын сол Ережеге сәйкес   қайта құруға ұсыныс жасады. 2019-2020 оқу жылында кеңес мүшелерінің кейбіреулері өз еріктерімен кеңес құрамынан шығуына байланысты, қамқоршылық кеңесінің құрамына     төрайымы ретінде Абсеметова А.М., төрайымының орынбасары ретінде Абузярова Д.Ж., Вакулина Е.Д., Тергеусизова А.Н., Хамраева Р.И., Копбаева Н.Л., Шенгова Е.Ю., Дюлай Н.А.,Байкашева Д.Д., Судоплатова А.С.  қабылдауды ұсынды.


Сөйлегендер:

              ДТІЖО Омарбекова Б.О. сөз сөйледі. Өз сөзінде «қамқоршылық кеңес отырыстары  оның жұмыс жоспарына сәйкес қажеттілігіне қарай тоқсанына бір рет өткізіледі. Қамқоршылық кеңестің  шешімдері жұмыс жоспары бойынша өткізіліп оның отырыстарында қабылданады» деп, кезектен тыс отырыстар қажеттілікке қарай төраға шешімімен немесе ҚК мүшелерінің талаптары бойынша өткізілетінін айтты. Қамқоршылық кеңес шешімдері хаттамалармен рәсімделеді, оған төраға мен отырыстың хаттамасын жүргізетін хатшы қол   қойып жүргізетінін, оқу жылының соңында   жалпы атқарылған жұмыстардың қорытындысы шығарылып, есеп беру жиналысы өткізілетінін мәлімдеді. ҚК құрамын ережеге сәйкес кеңес мүшелерінің келісімімен қайта сайлап, өзгерту керектігі турлы ұсынысты қолдады.

Абсеметова А.М. он үш  адамнан тұратын қамқоршылық кеңесінің жаңа тізімін бекіту туралы ұсынысты бірауыздан бәрі қолдайтынын айтып, қамқоршылық кеңес мүшелерінің жаңа құрамын таныстырды:

  1. Абсеметова Алия Маратовна – Қамқоршылық кеңестің төрайымы
  2. Абузярова Динара Жумабаевна –кеңес төрайымының орынбасары
  3. Каракулова Фариза Кеулимжановна – қамқоршылық кеңестің хатшысы
  4. Наметкулова Шолпан Омаргалиевна –демеуші
  5. Тулибеков Темірлан Елдесұлы – Қарғалы ауылдық округі әкімінің орынбасары
  6. Вакулина Елена Дмитриевна – қамқоршылық кеңестің мүшесі
  7. Тергеусизова Айгул Назарбековна – қамқоршылық кеңестің мүшесі
  8. Манкеева Ильмира Саматовна - қамқоршылық кеңестің мүшесі
  9. Хамраева Ранагул Имаржановна - қамқоршылық кеңестің мүшесі
  10. Копбаева Наталья Леонидовна - қамқоршылық кеңестің мүшесі
  11. Шенгова Елена Юрьевна - қамқоршылық кеңестің мүшесі
  12. Дюлай Наталья Леонидовна - қамқоршылық кеңестің мүшесі
  13. Байкашева Динара Дулатовна - қамқоршылық кеңестің мүшесі
  14. Судоплатова Анастасия Сергеевна -қамқоршылық кеңестің мүшесі

 Кеңес мүшелерінің   бәрі бірауыздан қолдады. 


Баяндамашы: мектеп директоры К.О.Урпекова 2017ж. 27.07. Білім беру ұйымдарында қамқоршылық кеңестің жұмысын ұйымдастыру және оны сайлау тәртібінің үлгілік қағидаларының 14-тармағының 9-тармақшасына сәйкес Қамқоршылық кеңес білім беру ұйымы басшысының білім беру қызметі туралы, оның ішінде білім беру қызметін ұсыну, сапасы, қайырымдылық көмектің жұмсалуы және   әлеуметтік санаттағы  отбасыларына, жетім және ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балалардың мәселесі жөнінде шараларды қабылдау туралы есебімен таныстырды.


Шешімі: 

  1. 2020-2021 оқу жылында мектепте қамқоршылық кеңесінің жұмысы ұйымдастырылсын.
  2. Мектептегі қамқоршылық кеңесінің тізімдік құрамы қалыптастырылып бекітілсін.
  3. Қамқоршылық кеңестің төрайымы Абсеметова А.М., хатшысы ретінде әлеуметтік педагог Жадыраева Ж.Б. тағайындалсын.


Кеңес төрайымы                                     Абсеметова А.М.

ХатшыЖадыраева Ж.Б.


      Алматы облысы Жамбыл ауданы

«Қарғалы №3 орта мектеп» КММ

«Ұлағат» қамқоршылық кеңесінің

№2   хаттамасы


20.10.2020 ж.                                                                                                             Қарғалы ауылы


Қатысқандар

1.  Мектеп директоры                                 К.О.Урпекова

2. ДТІЖО:                                                    Айтбаева С.М., Омарбекова Б.О.

3. Хатшы                                                      Жадыраева Ж.Б.

4. Қамқоршылық кеңестің төрайымы         Абсаметова А.М.  

5. Қамқоршылық кеңестің мүшелері 

Қатыспағандар: жоқ

Шақыртылды:

1. Жамбыл ауданының ІІБ-нің 

ЮПТ-ның полиция лейтенанты                    Набиев Ф..

2. Қарғалы ауылдық округі әкімінің 

орынбасары                                                    Тулибеков Т.Е.

3. Жеке кәсіпкер                                          Наметкулова    Ш.О.


Күн тәртібі:


  1. Мерекелік іс-шараларды ұйымдастыру және «Мектепке жол»   жалпы республикалық  қайырымдылық шараларының  күнтізбесіне сәйкес көрсетілген әлеуметтік көмектер туралы.(Абсаметова А.М.)


Тыңдалды:


Бірінші мәселе бойынша Қамқоршылық кеңестің төрайымы   Абсаметова А.М., қыркүйек, қазан айларында өткізілген меркелік іс-шаралармен қатар  «мектепке жол» жалпы республикалық   қайырымдылық шараларының  күнтізбесіне сәйкес көрсетілген әлеуметтік көмектер туралы сөз алды. Ол өз сөзінде жылыдық жоспарға сәйкес қайырымдылық іс-шаралардың өткендігіне тоқталды.

Жылдық жоспарға сай тамыз айында «мектепке жол» акциясы өтті. Акция барысында «Қарғалы №3 орта мектеп» КММ- ның араласуымен тамыз айында жағдайы төмен, көп балалы отбасы балаларына   қарғалы ауылында орналасқан   «Евразия» оптомаркетінің қожайыны Исмайлов Махсуттың көмегімен 15 отбасына 10 000 (он мың) теңге көлемінде 150 000 (жүз елу мың) теңгеге кеңсе тауарларымен және азық-түлік ретінде көмек көрсетті.

Сонымен қатар «Қарғалы №3 орта мектеп» КММ нің «Ұлағат» қамқоршылық кеңесінің төрайымы абсаметова Алия Маратовнаның көмегімен 50 000 (елу мың) теңгеге 40 отбасына сабақ оқуға ең қажетті алғашқы кеңсе тауарларын (дәптер, қаламсап, қарындаш, қарындаш ұштағышы, өшіргіш,сызғыш) сыйға тартты.

Республикалық акия барысында мектеп мұғалімдері де қалыс қалмай 10 отбасынан 10 оқушыға  44 500 (қырық төрт мың бес жүз) теңге көлемінде ең қажетті кеңсе тауарларымен көмек көрсетті.

Биылғы жылы мектебімізде 16 жетім және АҚҚ оқушы. Жағдайы төмен отбасы балалары 49, көп балалы отбасынан – 395 оқушы, мектебімізде 1 сәтсіз отбасы бар, толық емес отбасынан 355 бала, мектепішілік есепте 1 оқушы тұр. Жылпы сомасы 244 500 теңгеге көмек көрсетілді.

            Сөйлегендер:

Қамқоршылық кеңесінің мүшесі Е.Д.Вакулина  күн тәртібіндегі мәселе бойынша өз пікірін айтып,  алғысын білдірді.

Қамқоршылық кеңесінің мүшесі Э.М.Касыбаева сөз алып, қамқоршылық кеңестің жұмысы дұрыс жолға қойылған. Ата-аналармен бірлесіп қайырымдылық шараларын ұйымдастырдық, осындай жұмыстар әлі де өз жалғасын табады  деп сенемін.


Шешімі:

  1. Мектептің дамуына қолдау жасау мақсатында  ауыл меценаттарын тарту, байланысты нығайту жұмыстары жалғастырылсын
  2. Қамқоршылық қорына  заттай және қаржылай түскен қаражатты мақсатты жұмсау, бақылау кеңес   төрайымы А.М.Абсаметоваға тапсырылсын.

         



                      Кеңес төрайымы                                      А.М.Абсаметова  


                       Хатшы                                                      Ж.Б.Жадыраева 























      Алматы облысы Жамбыл ауданы

«Қарғалы №3 орта мектеп» КММ

«Ұлағат» қамқоршылық кеңесінің

№3    хаттамасы


25.12.2020 ж.                                                                                                             Қарғалы ауылы


Қатысқандар

1.  Мектеп директоры                                 К.О.Урпекова

2. ДТІЖО:                                                    Айтбаева С.М., Омарбекова Б.О.

3. Хатшы                                                      Жадыраева Ж.Б.

4. Қамқоршылық кеңестің төрайымы         Абсаметова А.М.  

5. Қамқоршылық кеңестің мүшелері 

Қатыспағандар: жоқ

Шақыртылды:

1. Жамбыл ауданының ІІБ-нің 

ЮПТ-ның полиция лейтенанты                    Набиев Ф..

2. Қарғалы ауылдық округі әкімінің 

орынбасары                                                    Тулибеков Т.Е.

3. Жеке кәсіпкер                                          Наметкулова    Ш.О.


Күн тәртібі:


  1. Мерекелік іс-шараларды ұйымдастыру және «Мектепке жол»   жалпы республикалық  қайырымдылық шараларының  күнтізбесіне сәйкес көрсетілген әлеуметтік көмектер туралы.(Абсаметова А.М.)


Тыңдалды:


Бірінші мәселе бойынша Қамқоршылық кеңестің төрайымы   Абсаметова А.М., қыркүйек, қазан айларында өткізілген меркелік іс-шаралармен қатар   «мектепке жол» жалпы республикалық    қайырымдылық шараларының   күнтізбесіне сәйкес көрсетілген әлеуметтік көмектер туралы сөз алды. Ол өз сөзінде жылыдық жоспарға сәйкес қайырымдылық іс-шаралардың өткендігіне тоқталды.

Жылдық жоспарға сай «мектепке жол» акциясыжыл бойына жалғасын тауып келеді. Биылғы жылы мектебімізде 16 жетім және АҚҚ оқушы. Жағдайы төмен отбасы балалары 49, көп балалы отбасынан – 395 оқушы, мектебімізде 1 сәтсіз отбасы бар, толық емес отбасынан 355 бала, мектепішілік есепте 1 оқушы тұр. 

Бұл көрсеткіштер бойынша мектептің әлеуметтік педагогі және «Ұлағат» қамқоршылық кеңесі жағдайы төмен отбасылармен жағдайы төмен көп балалы отбасыларға «Мектепке жол» жалпы республикалық акция барысында демеушілер тартып, көмек көрсетеді. Көмек үздіксіз жыл бойы жүргендіктен, мектептен «жалпыға бірдей білім қоры комиссиясы» тізімнен көмек қажет ететін оқушыларды анықтап отырады. Қазан айында мектебіміздің көп балалы отбасынан шыққан 1 «Г» сынып оқушыларына Лухманова Арина, Лухманова Маринаға 4000 теңгеге кеңсе тауарлары берілсе, көп балалы отбасынан шыққан 6 «Д» сынып оқушысы Бабаев Валентинге қыстық шалбар берілді. Көп балалы, толық емес отбасынан шыққан Әлімқұл Арайлымға 20 мың теңгеге азық-түлік, 5000 теңгеге кеңсе тауарлары көмек ретінде берілді. Бүкіләлемдік пандемияға байланысты, карантин уақытында қашықтықтан оқыту ата-аналардың телефонға бірлік салуы үшін де қиындық тудырып жатқаны анық. Осы себеппен Көп балалы отбасы, жағдайы төмен отбасы балалаы 6 «А» сынып оқушылары Қайдарова Алуа мен Қайдаров Ержігіттің ұялы телефондарына 2500 теңгеден 5000 теңгеге бірлік салынды. «Жетім көрсең жебей жүр» демекші, мектебіміздің 3 «А» сынып оқушысы анасынан мезгілсіз айырылып қалған Нұртазақызы Дарияға 12000 теңге көлемінде қыстық  етік  алып, көмек көрсетілді. 3 «Г» сынып оқушысы Дериганов Никитаға 6000 теңгеге қыстық етік алып көмек көрсетсе осы сынып оқушысы Просина Аннаға 2000 теңге көлемінде кеңсе тауарлары берілді. 

            Сөйлегендер:

Қамқоршылық кеңесінің мүшесі Е.Д.Вакулина  күн тәртібіндегі мәселе бойынша өз пікірін айтып,  алғысын білдірді.

Қамқоршылық кеңесінің мүшесі Э.М.Касыбаева сөз алып, қамқоршылық кеңестің жұмысы дұрыс жолға қойылған. Ата-аналармен бірлесіп қайырымдылық шараларын ұйымдастырдық, осындай жұмыстар әлі де өз жалғасын табады  деп сенемін.


Шешімі:

  1. Мектептің дамуына қолдау жасау мақсатында  ауыл меценаттарын тарту, байланысты нығайту жұмыстары жалғастырылсын
  2. Қамқоршылық қорына  заттай және қаржылай түскен қаражатты мақсатты жұмсау, бақылау кеңес   төрайымы А.М.Абсаметоваға тапсырылсын.

         



                      Кеңес төрайымы                                      А.М.Абсаметова  


                       Хатшы                                                      Ж.Б.Жадыраева 
























Алматы облысы Жамбыл ауданы

«Қарғалы №3 орта мектеп» КММ 

 «Ұлағат» қамқоршылық кеңесінің  

                                                               № 2 хаттамасы 


28.12.2018 ж.                                                                                                             Қарғалы ауылы


Қатысқандар

1.  Мектеп директоры                                К.О.Урпекова

2. ДТІЖО:                                                   Айтбаева С.М., Омарбекова Б.О.

3. Хатшы                                                     Каракулова Ф.

4. Қамқоршылық кеңестің төрайымы       Оңғарбаева В.И.  

5. Қамқоршылық кеңестің мүшелері 

Қатыспағандар: жоқ

Шақыртылды:

1. Жамбыл ауданының ІІБ-нің 

ЮПТ-ның полиция капитаны                   Жаканбаев Ш.Н.

2. Қарғалы ауылдық округі әкімінің 

орынбасары                                                 Тулибеков Т.Е.

3. Жеке кәсіпкер                                         Наметкулова   Ш.О.


Күн тәртібі:


  1. 2018-2019 оқу жылының І жартыжылдығындағы мектептің қызметі,  қайырымдылық көмектің жұмсалуы туралы. Баяндамашы: мектеп директоры К.О.Урпекова.

  2.     Жаңа жылға көрсетілген қайырымдылық көмектер туралы. Оңғарбаева В.И.

Тыңдалды:


Бірінші мәселе бойынша мектеп директоры К.О.Урпекова сөз алды. Ол мектептің дамуына қолдау жасау, аудан аумағында жұмыс жасайтын басқа ұйымдармен, демеушілермен оның байланысын нығайту, заттай және қаржылай белсенді пайдалану мақсатында жасалған қамқоршылық кеңестің жоспарына сай 2018-2019 оқу жылының І жартыжылдығында   атқарылған жұмыстары туралы есеп берді. Оқу жылының басында  қамқоршылық   кеңестің мүшелері Мектепке жол акциясы барысында «Менің таңдауым –балаларға көмек көрсету!» қайырымдылық акциясын өткізуге атсалысып, демеушілерді тарту арқылы жағдайы төмен отбасы балаларына көмек көрсетті. Жаңа оқу жылынан бастап 36 оқушы жалпыға бірдей білім қорының есебінен тегін тамақпен қамтылса, көпбалалы, тұрмыс жағдайы төмен  отбасынан 4 оқушы  мектеп асханасын жалға алушының есебінен тегін ыстық тамақпен қамтылды.

Жылдық жоспарға сәйкес 30.08 - 30.09.2018ж. аралығында «Мектепке жол» акциясы өтті. Айлық барысында 16 тамыз 2018ж. мектеп әкімшілігінің ұйымдастыруымен «Менің таңдауым – балаларға көмек көрсету!» тақырыбында қайырымдылық акциясы ұйымдастырылып өткізілді. Оған әлеуметтік көмекті қажет ететін отбасылар шақырылып, материалдық көмек көрсетілді. Акцияға мектеп ұжымы да  өз үлесін қосты. Барлығы 46 оқушыға мектеп құралдары мен киім-кешек және формадай көмек берілді. 

Сонымен қатар, 3 «Г» сыныбында оқитын жағдайы төмен отбасынан Титоренко Ксенияға ата-аналарының ұйымдастыруымен 25000 (жиырма бес мың) теңгеге киім-кешек, мектеп құралдарымен көмек берілді. 

«Құбан айт»  мерекесінде тұрмыс жағдайлары төмен, атап айтсақ Қожахметовтар мен Урақбай отбасына оқу құралдары мен азық-түліктей көмек көрсетілді. Қайырымдылық жасаған Алматы қаласындағы ТОО APLAN SI фирмасының қызметкері А.Ж.Рзагазиев.



Көпбалалы отбасынан 4 «А» сынып оқушысы Нұралханова Индира 7-28 қыркүйек аралығында Алматы қаласындағы «Бөбек» Ұлттық ғылыми-практикалық, білім беру және сауықтыру орталығына жіберілді. Оған қамқоршылық кеңесінен қажетті құжаттарды жинастыруға және жол ақысына 5000 (бес мың) теңге көлемінде көмек көрсетілді. 

2018 жылдың қазан айында Палатовский Александр мектепке демеушілік көмек көрсетіп, барлығы 32 (отыз екі мың) теңгеге  12 дана гүлге арналған ыдыстар  және  спортты дамытуға қолдау ретінде құны 8000 (сегіз мың) теңге тұратын волейбол сеткасын сыйға тартты.

Жаңа жылдық мерекеге орай оқушылардың жаңа жылдық шыршасына демеуші Наметқұлова Ш. 10000 (он мың) теңге ақшалай және  5 дана  Жаңа жылдық сыйлықты (кәмпит қорабы) тұрмыс жағдайы төмен оқушыларға арнап берді. Осы берілген ақшаның 10 000 теңгесіне жаңа жылдық шыршаға кәмпиттер алынып, сыйлықтар жағдайы төмен 5 оқушыларға таратылып берілді. Осындай демеушілердің көмегімен тағы 7 оқушыға сыйлықтар табыс етілді.

Мектеп әкімшілігінің ұйымдастыруымен мектептегі 10 мүмкіндігі шектеулі оқушыларға жаңа жылдық (кәмпит қораптары) табыс етілді. 

Желтоқсан айының 21-24 аралығында 3 «Д» сынып оқушылары Вакулина Вероника мен Феоктистова Лилия Талдықорған қаласында өтетін ҚР-ның Президентінің Жаңа жылдық шырша мерекесінің концерттік бағдарламасына  Қарғалы ауылындағы Өнер мектебінің демеушілігімен жіберілді. 

Жалпыға бірдей білім қорынан 40 оқушы Жаңа жылдық сыйлықпен (кәмпит қорабы)  және 8 жетім оқушы демеушілер тарапынан Жаңа жылдық сыйлықтармен қамтамасыз етілді. 

Мектеп мерекеге сай безендіріліп, қамқоршылық кеңес мүшелерінің қатысуымен Жаңа жылдық шыршалар жақсы дәрежеде өткізілді.

Осылайша К.О.Урпекова көмек қолын созған демеушілерді атап өтіп, қамқор болғандарға мектеп тарапынан және ата-аналар тарапынан айтылған тілектерді жеткізді. 

            Сөйлегендер:

Қамқоршылық кеңесінің мүшесі С.А.Усенова күн тәртібіндегі мәселе бойынша өз пікірін айтып,  алғысын білдірді.

Екінші мәселе бойынша Оңғарбаева В.И. сөз алып, жаңа жылдық шыршалардың өткізілуі, көрсетілген қайырымдылық көмектері туралы айтып өтті. Мектепте мерекелік шыршалар 26-29 желтоқсан аралығында, жоспарға сай өткізіліп, мектеп мерекеге сай безендірілгендігі, шырша мерекелерінің өткізілгендігі туралы әңгімеледі.  Мектептегі жағдайы төмен, көпбалалы отбасынан жаңа жылдық сыйлықпен (кәмпит қорапшасы) барлығы 22 оқушы қамтылғанын айтып, атап өтті.

Шешімі:

  1. Мектеп қызметі бойынша атқарылған жұмыстардың есебі   қанағаттанарлық  деп есептелінсін.
  2. Аз қамтылған отбасы балаларына көмек көрсету, мектептің дамуына қолдау жасау мақсатында  ауыл меценаттарын тарту, байланысты нығайту.
  3. Қамқоршылық қорына  заттай және қаржылай түскен қаражатты мақсатты жұмсау, бақылау кеңес  төрайымы В.Оңғарбаеваның басшылығымен жалғастырылсын.

            



                      Кеңес төрайымы                                      В.И. Оңгарбаева  


                       Хатшы                                                     Ф. Каракулова 













     Алматы облысы Жамбыл ауданы

«Қарғалы №3 орта мектеп» КММ 

«Ұлағат» қамқоршылық кеңесінің  

                                                               № 6 хаттамасы 


Күні: 28.08.2018 ж.                                                                                            Қарғалы ауылы


Қатысқандар

1.  Мектеп директоры                                К.О.Урпекова

2. ДТІЖО:                                                   Айтбаева С.М., Омарбекова Б.О.

3.Кеңес төрайымы                                      Онгарбаева   В.И. 

4.Кеңес төрайымының орынбасары         Калимолданова Г.Б.

5.Мектепішілік ата-аналар комитетінің 

төрайымы                                                     Вишнякова О.В.

6. Ата –аналар комитетінің мүшесі           Джунуспекова Р.М.

7.Жамбыл ауданының ІІБ-нің 

ЮПТ-ның полиция капитаны                    Жаканбаев Ш.Н.

8.Ата –аналар комитетінің мүшесі            Рахимбаева Р.Қ.

9.Жеке кәсіпкер                                           Наметкулова   Ш.О.



Күн тәртібінде:


1. 2017-2018 оқу жылындағы мектептің қызметі,  қайырымдылық көмектің жұмсалуы туралы   мектеп директорының есебі. (К.О.Урпекова.)

Тыңдалды:

Бірінші мәселе бойынша мектеп директоры К.О.Урпекова сөз алды. Ол мектептің дамуына қолдау жасау, аудан аумағында жұмыс жасайтын басқа ұйымдармен, демеушілермен оның байланысын нығайту, заттай және қаржылай белсенді пайдалану мақсатында жасалған қамқоршылық кеңестің жоспарына сай 2017-2018 оқу жылындағы атқарылған жұмыстары туралы есеп берді. Оқу жылының басында  қамқоршылық  кеңестің мүшелері Мектепке жол акциясы барысында «Менің таңдауым –балаларға көмек көрсету!» қайырымдылық акциясын өткізуге атсалысып, демеушілерді тарту арқылы жағдайы төмен отбасы балаларына көмек көрсетті. Жаңа оқу жылынан бастап 35 оқушы жалпыға бірдей білім қорының есебінен тегін тамақпен қамтылса, көпбалалы, тұрмыс жағдайы төмен  отбасынан 10 оқушы  мектеп асханасын жалға алушының есебінен тегін ыстық тамақпен қамтылды. Қыркүйек айында   Палатовский Александр мектепке демеушілік көмек көрсетіп барлығы 9380 (тоғыз мың үш жүз сексен) теңгеге  3 картридж  және   спортты дамытуға қолдау ретінде құны 45320 (қырық бес мың үш жүз жиырма) теңгеге 4 волейбол, 6 футбол,  2 баскетбол доптарын сыйлады.

Рухани жаңғыру аясында 2017 жылдың қыркүйек-қазан айлары бойы мектебіміздің айналасында тазалық жұмыстары жүргізілді. Оған оқушылар, мұғалімдер, ата-аналар және қамқоршылық кеңесінің де мүшелері атсалысты. Тазалау жұмыстарымен қоса ағаштар отырғызу жұмыстары да жүргізілді. Барлығы 40 түп ағаш. Оның ішінде 20 жеміс ағашы (алма, алмұрт, шие, өрік) және   терек, қарағай, қайың көшеттері отырғызылды.

Оқушылардың тарихи-мәдени саяхаттары ұйымдастырылып, аз қамтылған отбасынан 25 оқушы демеушілердің көмегімен тегін Жамбыл, Сүйінбай, ҚР-ның Тұңғыш Президенті мұражайларына жіберілді.

Жаңа жылдық мерекеге орай оқушылардың жаңа жылдық шыршасына кеңес мүшелері: Рахимбаева Р. 5000 (бес мың) теңге берсе, Наметқұлова Ш. 5000 (бес мың) теңге ақшалай және  5дана  Жаңа жылдық сыйлықты (кәмпит қорабы) тұрмыс жағдайы төмен оқушыларға арнап берді. Осы берілген ақшаның 10 000 теңгесіне жаңа жылдық шыршаға кәмпиттер алынып, сыйлықтар жағдайы төмен 5 оқушыларға таратылып берілді.  11 сыныптың ата-анасы  Садрееева Ю.В. 8 дана  сыйлықты (кәмпит қорабы) көмек ретінде әкеліп берді, олар да тұрмыс жағдайы төмен 8 оқушыға таратылып берілді. Соның нәтижесінде Жаңа жылдық шыршалар жақсы дәрежеде өткізілді.

2018 жылдың 10 қаңтар-10 ақпан аралығында Қарғалы №3 орта мектебінде республикалық  «Қамқоршылық» акциясы өтті. 

            Акция барысында 2г сынып оқушыларының ата-аналары, Манкеева Ильмира Саматовна, Мухамедиева Залина, Мухамеджанова Зимфира 8 г сынып  оқушысы (тұл жетім) Черемных Василийге 14000 теңгенің көлемінде азық түлік пен кеңсе тауарларын сыйға тартты.

1 наурыз –Алғыс айту күніне орай 20-27 ақпан аралығында «Қайырымды ел» қайырымдылық акциясы аясында мектебіміздің 10 оқушысын 67 мың  теңге көлемінде  2г сынып ата-аналары: Манкеева Ильмира, Мухамедиева Залина, Мухамеджанова Земфира, 3а сынып ата аналары: Оспанова Салтанат, Молдахметова Ақбаян, Маратова Аружан, 1 г сынып ата аналары: Мурадова Л., Сериков М., Урванцева К., киім кешек, азық- түлік және мектепке қажетті кеңсе тауарларымен қамтамасыз етті.

1 мамыр Қазақстан халықтарының бірлігі мен ынтымақ күні мерекесіне орай өткізілген  «Қайырымдық» іс-шарасы аясында 15 оқушыға 6 мектеп ұстаздарынан, атап айтсақ: Нечухранный А.М., Ақжолтай Л.Н., Авдолда М., Будаева В.В., Дильдабаев Н., Баисов Азамат  20 000 (жиырма мың) көлемінде азық -түлік және кеңсе тауарлары ретінде көмек көрсетілді.

Рухани жаңғыру аясында  және Астананың 20 жылдығына орай мектебіміздің 7г сынып оқушысы (көпбалалы отбасынан)   Арупжанова Дилярам мектеп ұжымы мен ата-аналарының демеушілік көрсетуінің нәтижесінде  25 мамырда Астана қаласына үш күндік саяхатқа жіберілді.   Саяхатқа жиналған қаржының көлемі 52000 (елу екі мың) теңгені   құрады.

Мектепте түлектер аллеясын жасау жоспарланып, 4г сыныбының ата-аналары түлектер аллеясына 5 дана қайың ағашын сыйға тартты.   Сонымен қатар, оқушыларды еңбекке баулу мақсатында жылыжай (теплица) жасау туралы ұсыныс түсті. Жылыжайға демеушілер тартылып жалпы 25000 (жиырма бес мың) теңге қаржылай және 10 қап цемент 2 көлік скикерс  ретінде көмек көрсетілді. Атап айтсақ Салихова Г.К. 2000 теңге, Зарлықова Ғ. 2000теңге, Райменова Г.Ж. 11000 теңге, 7а сыныбының ата-аналары 5000 теңге, Сарсембиева Г.М. 5000теңге, Копбаева Н.Л. 2 көлік сникерс, Исламов Д. 10 қап цемент сыйлады. 

Осылайша К.О.Урпекова көмек қолын созған демеушілерді атап өтіп, қамқор болғандарға мектеп тарапынан және ата-аналар тарапынан айтылған тілектерді жеткізді. 

            Сөйлегендер:

Кеңес төрайымының орынбасары   Калимолданова Г.Б. күн тәртібіндегі мәселе бойынша өз пікірін айтып,  алғысын білдірді.

Шешімі:

  1. Мектеп қызметі бойынша атқарылған жұмыстардың есебі   қанағаттанаралық  деп есептелінсін.
  2. Аз қамтылған отбасы балаларына көмек көрсету, мектептің дамуына қолдау жасау мақсатында  ауыл меценаттарын тарту, байланысты нығайту.
  3. Қамқоршылық қорына түскен заттай және қаржылай түскен қаражатты мақсатты жұмсау, бақылау, басшылық жасау кеңес  төрайымы В.Оңғарбаеваға жүктелсін.

            



                      Кеңес төрайымы                                      В.И. Оңгарбаева  


                       Хатшы                                                      Жетібаева Н.