Қарғалы №3 орта мектебінде 11 «б»-сыныбында «Адалдық сабағы» өтті » № 3 Қарғалы орта мектебі
Алматы облысы білім басқармасының
Жамбыл ауданы бойынша білім бөлімінің
"Қарғалы №3 орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 70-31-1-55
есепші бөлімі:
+7(72) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Қарғалы №3 орта мектебінде 11 «б»-сыныбында «Адалдық сабағы» өтті
16
октябрь
2023

Қарғалы №3 орта мектебінде 11 «б»-сыныбында «Адалдық сабағы» өтті

Адалдық—ардың ісі дейді дана халқымыз. Яғни ес білген баласына өзгенің ала жібін аттамауды аманат етіп, ұят, сауап, обал болады деген үш сөзбен өз ұрпағын тәрбиелеп келген. Бүгінгі ұрпақты да ұлтының болашағын ойлау үшін біз адалдықтың ақ туын жықпай, тік ұстауға үйретуіміз керек. Міне, осындай мақсатта 16 қазан күні Қарғалы №3 орта мектебінде 11 «б»-сынып оқушыларының сынып жетекшісі М.Д.Примжарова «Адалдық сабағы» атты тәрбие сағатын өткізді.
Тәрбие сағатының басты мақсаты оқушыларды адалдыққа, шындық туралы түсінік беру, Отанын сүйіп, рәміздерді құрметтеуге өз бойларында адамгершілік, шыншылдық, мейірбандылық пен ақылдылықтың болуы турасында болды. 
Оқушылар сынып жетекшілерімен еркін сұхбат құра отырып, адалдық алаңында өз ойларын айтып, болашақтың іргесі берік болу үшін адалдықтан аттамайық деп тарқасты.