Джомартова Сауле Абдразаковна Қарғалы №3 орта мектебінің биология пәнінің мұғалімі. » № 3 Қарғалы орта мектебі
Алматы облысы білім басқармасының
Жамбыл ауданы бойынша білім бөлімінің
"Қарғалы №3 орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 70-31-1-55
есепші бөлімі:
+7(72) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Джомартова Сауле Абдразаковна Қарғалы №3 орта мектебінің биология пәнінің мұғалімі.
05
июль
2023

Джомартова Сауле Абдразаковна Қарғалы №3 орта мектебінің биология пәнінің мұғалімі.

Алматы облысының білім басқармасының Алғыс хатына ұсынылады.
 Джомартова Сауле Абдразаковна «Алматы облысы білім басқармасының Жамбыл ауданы бойынша білім бөлімі» «Қарғалы №3 орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде биология пәнінің мұғалімі ретінде жұмыс жасайды.
          Сауле Абдразаковна жауапкершілігі мол, шығармашыл,   мектептің абыройын көтеріп жүрген   ізденімпаз ұстаз,   байсалды және жоғары білікті маман. Ол педагогикалық үдерістің заңдылықтары мен заманауи психологиялық-педагогикалық теориялар мен оқыту технологиялары туралы білім жүйесіне ие. Оқыту мен дамытудың байланыс мәселелерін шешудің негізгі жолдарын, оқу қызметінің құрылымы мен функцияларын, оқытуды ұйымдастырудың стратегиялық принциптерін, оқытудағы тұлғаның дамуын жандандыру әдістерін біледі. Өз еңбегін ғылыми негізде ұйымдастыра алады, өзінің кәсіби қызметінде қолданылатын ақпаратты іздеу, жинау, сақтау, өңдеу және пайдаланудың заманауи әдістерін меңгерген. Оқу-бағдарламалық құжаттаманы әзірлеу негіздерін біледі және оларды білім беру тұжырымдамалары мен бағдарламаларын жасау үшін қолдана алады. Білім беру мекемесінің ішкі мүмкіндіктерін талдай алады және туындаған мәселелерді шешудің тиімді жолдарын таба алады.  
Зерттеу тақырыптары бойынша мұғалімдердің тақырыптық пәндік апталығында, оның барысында әртүрлі әдістемелік бірлестіктердің мұғалімдері арасында, аудандық, облыстық деңгейде тәжірибе алмасады.
Білім мен тәрбиені ұштастыра отырып оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамытудағы еңбегі зор. Оқушылары Республикалық олимпиада, облыстық байқаулардың жеңімпаздары:
Максутова Ширин – Республикалық олимпиадасының облыстық кезеңіндегі ІІ дәрежелі дилом иегері;
Байшакова Камилла – «Өнертапқыштар әлемі» атты ХХХХІХ Республикалық ғылыми-практикалық конференциясының сертификат иегері; 
Максутова Ширин – «Дарын» Республикалық ғылыми-практикалық орталығының ІІ дәрежелі жеңімпазы;
Николаев Владислав – аудандық олимпиаданың ІІ орын, Байшакова Камилла І орын, Абдуллаева Ясмин ІІ орын жеңімпаздары.
            Сауле Абдразаковна  жоғары инновациялық әлеуетке ие, білім беру мекемесінің тіршілік әрекеті үдерісіне қойылатын Мемлекеттік стандарттардың талаптарын түсінеді, ұжымда лайықты бедел мен құрметке ие.