"Зиянды заттардан аулақ бол!", "Салауатты өмір салтын ұстанамыз! " акциясы өтті. » № 3 Қарғалы орта мектебі
Алматы облысы білім басқармасының
Жамбыл ауданы бойынша білім бөлімінің
"Қарғалы №3 орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 70-31-1-55
есепші бөлімі:
+7(72) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » "Зиянды заттардан аулақ бол!", "Салауатты өмір салтын ұстанамыз! " акциясы өтті.
07
апрель
2022

"Зиянды заттардан аулақ бол!", "Салауатты өмір салтын ұстанамыз! " акциясы өтті.

7 сәуір күні мектебіміздің Өзін-өзі басқару ұйымының Ішкі істер министрі Анвар  Рахметов пен әлеуметтік педагог Жадыраева Жаннаның ұйымдастыруымен "Зиянды заттардан аулақ бол!" "Салауатты өмір салтын ұстанамыз! " акциясы өтті.
Акция мақсаты: құқық бұзушылықтың алдын алу, оқушыларға жағымсыз әдеттер туралы мәліметтер беру. Зиянды заттардан бойларын аулақ ұстауға, оларға үйір болмауға баулу. Салауатты өмір салтына тәрбиелеу.
Акция барысында мектептің 6-10 сынып оқушылары плакаттарға сурет салып, "Зиянды заттарға қарсымыз!" , "Салауатты өмір салтын ұстанамыз!" деп ұрандатып, мектеп алдына жиналды.
Мектеп директоры Урпекова К. О. оқушылармен профилактикалық бағытта әңгіме жүргізді.