Әлеуметтік педагогтың жарты жылдық жұмыс қорытындысы бойынша есебі » № 3 Қарғалы орта мектебі
Алматы облысы білім басқармасының
Жамбыл ауданы бойынша білім бөлімінің
"Қарғалы №3 орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 70-31-1-55
есепші бөлімі:
+7(72) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » Әлеуметтік педагогтың жарты жылдық жұмыс қорытындысы бойынша есебі
01
январь
2022

Әлеуметтік педагогтың жарты жылдық жұмыс қорытындысы бойынша есебі

«Қарғалы №3 орта мектеп» КММ

Әлеуметтік педагогтың жарты жылдық жұмыс қорытындысы бойынша есебі

Әлеуметтік педагогтың қызметі: Адам өміріндегі ең игі істердің бірі –мұқтаж жандарға қамқорлық жасау, тәрбиелеу, оқыту, дамыту және әлеуметтік қорғау. Әлеуметтік педагогтың лауазымдық міндеттеріне  білім алушылар мен тәрбиеленушілердің ерекшеліктерін және олардың микро орталығын, өмір сүру жағдайын зерделейді. Мүдделілігі мен қажеттілігін, даудамайлық жағдайларды, тәртібіндегі ауытқуларды анықтайды, уақытында әлеуметтік көмек көрсетеді және т.б. осы да және басқа жұмыстар бойынша әлеуметтік педагог жылдық жоспарын айқындап, құрады.

Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрі 2021 жылғы 16 қыркүйектегі №472 бұйрығына 2- қосымша, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі 2020 жылғы 6 сәуірдегі №130 бұйрығына 2- қосымшаға сәйкес, әлеуметтік педагогтың 1-бағыты: Сыныптарға, мектепке әлеуметтік паспорттауды жүргізу бойынша биылғы оқу жылында мектебіміздің білім алушыларының әлеуметтік жағдайын білу және реттеу үшін, сынып жетекшілерінен сыныптың әлеуметтік төлқұжаты жинақталды. Осылардың барысынан мектепішілік әлеуметтік төлқұжат жинақталды. Мектебімізде 2021-2022 оқу жылында жалпы саны 1439 оқушы оқиды. Оның 724 ұл, 715 қыз бала. Бастауыш сыныпта 611 оқушы болса, 5-11 сыныптарда 828 оқушы. Олардың ішіннен жағдайы төмен 13 отбасы, 21 оқушы болса, көп балалы 143 отбасы 340 бала білім алады. Толық емес отбасынан жалпы 149 отбасынан 181 оқушы мектебімізде оқиды. Оның  ішінде әкесімен тұратын 2 оқушы, әкесіз 15 отбасында 20 бала оқиды. Ажырасқан отбасынан 88 отбасынан 105 оқушы оқиды. Жалғызбасты 44 ананың 54 баласы оқиды. Өгей әке-шешемен тұратын оқушылар саны 33. Оның 27 оқушысы өгей әкемен тұрады, ал, 6 оқушысы өгей шешемен тұрады. Жетім 18 оқушы 8 отбасында тәрбиеленіп отыр. 

Жоспар бойынша Жалпығы бірдей білім беру қоры есебінен тамақтанатын балалар тізімі реттеліп, асханадан тамақтанатын балалар тізімі жасалынды. Бракереж және ЖБББ қоры комиссиясы тізімі мен асханада кезекшілік кестелері жасалынды. ЖБББ қоры дегеніміз не деген сұрақтан бастасақ. Жалпыға міндетті оқу қорына (фонд всеобуча) мектеп бюджетінің бір пайыздан (1%) кем емес қаражаты аударылады. Мектепте кейбір балаларға ыстық тамақ беріліп, кейбірін жаздық лагерге жіберіледі.  Балалардың дұрыс тамақтануын бақылау мақсатында асхана жұмыстарын тексеру жоспары жасалынып, жоспар бойынша бракераж комиссясы мүшелерімен айына бір рет тексеру жүргізіліп, анықтама жазылды. 

Биылғы  2021 оқу жылына мектебімізден 61 оқушының ата-анасы өтініш берді. Осы өтініш негізінде, құжаттар жиналып, ЖБББ қорының көмиссия мүшелерінің шешімімен есепке алынды. Оның ішінде 12 оқушы жетім және ата-анасы балаға деген құқықтарынан айырылған. 46 оқушы көп балалы отбасынан шыққан. 3 оқушы толық емес отбасынан шыққан. Жылпы 25 отбасы өтініш берді, оның ішінде 6-уы Атаулы әлеуметтік көмек алатын (АСП) отбасы. Мектеп асханасын жалға алушының есебінен мектебімізде 11 оқушы бір мезгілдік ыстық тамақпен қамтылған. Жалпыға бірдей білім беру қоры есебіндегі 26 оқушы мектеп киімімен қамтамасыз етілді және осы қордағы 61 оқушыға жаңа жылдық сыйлық таратылып берілді.

Педагогикалық ұжыммен және сыртқы ұйымдармен өзараіс-қимыл жүргізу жұмысы 4-бағыт бойынша әлеуметтік жағдайы әр тұрлі оқушылар мектептегі спорт секцияларына және метктепішілік ісшараларға тартылды. 

2021-2022 әлеуметтік педагогтың жұмыс жоспары бойынша тамыз айында жалпыреспубликалық «мектепке жол» акциясы барысында «Менің таңдауым - балаларға көмек көрсету» ұранымен қайырымдылық іс-шара ұйымдастырылды. Акция барысында, тамыз айында жағдайы төмен, көп балалы отбасы балаларына  Қарғалы ауылында орналасқан  «Евразия» оптомаркетінің қожайыны Исмайлов Махсуттың көмегімен  13.08.2021 жылы 20 жағдайлары төмен, көп балалы, толық емес отбасынан шыққан балаларға 100 мың теңге көлемінде кеңсе тауарларымен көмек көрсетті, балалар үлкен дүкеннен сыйлық алып барынша қуанды. ТОО “SAM-Trade” и ТОО “SAM-Engineering” компаиясы  және компания директоры Кадырбаева Сауле Абдыгалиевнаның көмегімен тағы 12 оқушыны қуанышқа бөлеп, жағдайы төмен отбасы балаларына мектеп формасымен және 1 екі бірдей денсаулығы нашар бала өсіріп отырған және көп балалы отбасын азық-түлікпен қамтамасыз етіп қуанышқа бөледі. Жалпы көмек сомасы 200 мың теңгені құрайды. Сонымен қатар жеке кәсіпкер М.М.Жамантаевтың демеушілігімен 3 оқушыға кеңсе тауарлары берілді. Мектепішілік «Ұлағат» қамқоршылық кеңесі жалпы республикалық «мектепке жол» акциясында  ата-аналар комитетінің төрайымы А.Н. Молдагалиева мен А.Н. Тергеусизованың ұйымдастыруымен 19.08.2021 жылы 4 оқушыға мектеп киімдері, сумка және кеңсе тауарлары ретінде 20630 теңгеге көмек көрсетіп мейірімділік пен қайырымдылықтарын көрсетті. 6 г сыныбының ата-аналар комитетінің көмегімен осы сынып оқушысы Смирнов Дениске 19 000 теңгеге кеңсе тауарлары және мектеп киімі алып берілді. Денистің қазіргі таңда әкесі ішкілікке салынған, анасы баласынан бас тартып, өзге отбасын құрған,бала тәтесінің қолында тәрбиеленіп жатқандықтан, қандайда бір көмек бала үшін зор бақыт. 8 в сынып оқушысы жағдайы төмен, көп балалы отбасынан шыққан Төлеген Абдунафиге 8 в сыныбының ата-аналары  21 000 теңгеге мектепке қажетті оқу –құралдарымен мектеп формасын алып беріп, мектепке келуге жақсы дайындығын толықтырды.. Көп балалы, толық емес отбасынан   шыққан 4 д сынып оқушысы Бакулина Ангелинаға сынып ата-аналары 18000 мың теңгеге кеңсе тауарларымен, мектеп сөмкесін, қажетті киімдерін алып берді. Ангелинаның анасы жалдамалы жұмысшы, тұрақты жұмысы жоқ, пәтерді де жалдап тқрғандықтан бұл отбасына қандай да бір көмек үлкен қуаныш. Жағдайы төмен отбасынан шыққан 2 д сынып оқушысы Ольшевская Елизаветаға сынып ата-аналарымен сынып жетекшісі М.С.Асанова 9500 теңгеге мектеп формасымен кеңсе тауарларын алып беріп мектепке демалыстан соң алғашқы қадамына көмек берді. 10 в сынып жетекшісі Г.К.Салихова сыныбының үш оқушысына мектепке қажетті кеңсе тауарларын 10 000 теңгеге алып, сыйға тартты. Мектебімізде көп балалы есебінде тіркелген Қайдаровтар отбасынан Қайдар Мадияр және Қайдар Ержігітке мектеп мұғалімдері А.Асимовна мен Н.Даулетиярова 8000 теңгеге сөмке 27 мың теңгеге кеңсе тауарларын сыйға тартты. Мектебімізде ата-анасынан ерте жаста айырылып тағдыр қиындығына душар болған  5 б оқушысы Әсет Ерасылға аудандық акмитаттың шаруашылық бөлімі 32 мың теңге көлемінде мектеп формасымен қажетті киімдер, сөмке аяқ киім сыйға тартып қуантса, аудандық кітапхана ұжымы Ерасылдың туған апкесі 7б сынып оқушысы Ахметбек Арайға мектеп формасы және сөмке, аяқ киім алып беріп қуанышқа бөледі. 

Қазан айында  жалпы республикалық «мектепке жол» акциясы аясында «Менің таңдайым- балаларға көмек көрсету» ұранымен қайырымдылық іс-шарасы жыл бойына үздіксіз жүріп отырады. Осы аталған акция барысында мектебіміздің 1 «Ә» сынып оқушысы Баянғали Мұхамед-Аминге сынып жетекшісінің ұйымдастыруымен осы сынып ата-аналары 50 мың теңгеге қыстық куртка, мектеп формасын және мектеп сумкасын, аяқ киім, спорт киімін, спорттық аяқ киім алып көмектесті. Сонымен қатар, осы сынып ата-аналары 3 «Ә» сынып оқушысы көп балалы отбасынан шыққан Баянғали Жасияға Куртка және мектеп сумкасы алып көмек көрсетті. Көмек сомасы 20 мың теңге. Және анасының қолына ақшалай 3500 теңге көмек ретінде берілді. 7 «Д» сынып оқушысы көп балалы, жалғызбасты ананы отбасынан шыққан Тиинбаева Алинаға қыстық куртка, баскиім және 2 колготки алып көмек көрсетті. Жалпы сомасы 17500 теңге. Мектебіміздің бастауыш сынып мұғалімі Сыдыкова Гулзада Исраиловна екі жағдайы төмен отбасына 15 мың теңгеге ет алып, азық –түлік ретінде көмек берсе, қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Гүлмира Орынбекова 5 мың теңгеге жағдайы төмен отбасынан шыққан 7 «А» сынып оқушысы Қайдарова Алуаға қыстық етіп сыйға тартты.

Қараша және желтоқсан айларында   жалпы республикалық «мектепке жол» акциясы аясында «Менің таңдауым- балаларға көмек көрсету» ұранымен қайырымдылық іс-шарасы жыл бойына үздіксіз жүріп отырады. Осы аталған акция барысында мектебімізде  әлеуметтік жағдайы төмен отбасынан шыққан және денсаулығына байланысты үйде оқитын оқушылармен жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған оқушыларға Қарғалы ауылында орналасқан «Евразия» оптомаркетінің қожайыны Исмайлов Махсуттың демеушілігімен  құны 1500 теңге тұратын 50 жаңа жылдық тәттілер берілді. Сонымен қатар демеуші тарапынан 10 мың теңгеге сыйлық пен мектеп ұжымы қайырымдылық ретінде 70 мың теңгеге сыйлықтар таратты. Аталған сыйлықтарды таратуда жыл сайынғы дәстүрмен Аяз ата және Ақша қар киімін киіп, балалардың үйлеріне барып, тілектерін білдіріп, балаларды қуанышқа бөледі. 5 А сынып оқушысы Липунова Каринаға сынып жетекшісі мен математика пәнінің мұғалімі мектеп жейдесін сыйға тартты. Ата-аналар комитетінің төрайымы А.Молдағалиеваның ұйымдастыруымен 2 оқушыға мектеп формасымен қамтамасыз етілді. Құны 15000 нан 30000 теңге.

Әлеуметтік педагогдың жылдық жоспары бойынша тамыз айында жетім және АҚҚ оқушылардың тізімі реттеліп, осы тізімдегі оқушыларға «мектепке жол» жалпыреспубликалық акция барысынды, көмек көрсетілді.  

Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрі 2021 жылғы 16 қыркүйектегі №472 бұйрығына 2- қосымша, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі 2020 жылғы 6 сәуірдегі №130 бұйрығына 2- қосымшаға сәйкес, әлеуметтік педагогтың  2-бағыты Бала құқығын қорғау бойынша бойынша: Былғы 2021-2022 оқу жылында, мектебімізде 18 жетім және ата-анасы балаға деген құқықтарынан айырылған оқушылар бар. Олардың ішінде 7 оқушының ата-анасы балаларына деген құқықтарынан айырылса 11 оқушы тұл жетім. Сонымен қатар мектебімізде «Сара» отбасы үлгісіндегі балалар үйінің 5 тәрбиеленуші оқиды және «патронаттық тәрбиеде» 3 оқушы бар. Қалған 8 оқушы өздерінің туыстарында қамқорлықта. Жылына екі рет қыркүйек және наурыз айларында, қамқорлықтағы балалардың қамқоршылары аудан есебінен алынатын 10 АЕК ретіндегі жәрдем ақысын қайда, балаға қалай жұмысағанына есеп беріп отырады. Қазақстан аумағында 2021 жылдың қаңтар айынан бастап 1 АЕК 2917 теңгені құрайды. Қыкүйек айында қамқоршы есебін «Сара» отбасы үлгісіндегі балалар үйінің тәрбиеленушілері мен «патронаттық тәрбиедегі» балалардың қамқоршыларынан басқа, туыстарында қамқорлықтағы 8 оқушының қамқоршылары тапсырды. Олар: Ахметбек Арай Әсетқызы, Ахметбек Әлішер Әсетұлы, Әсет Ерасыл Әсетұлы бұл балалардың қамқоршысы Одабекова Асия Ахметбекқызы. Жомарт Нұрай Маратқызы, Нұртазақызы Дария қамқоршысы туған апкесі Жомарт Дана Маратқызы. Шефер Полина Евгеньевна қамқоршысы Флорис Светлана Николаевна. «Сара» отбасы үлгісіндегі балалар үйінің тәрбиеленушілері:Чащина Ангелина, Новиков Валерий,Немцева Алина, Немцева Александра, Немцев Денис, тәрбиелеушісі Карибаев Биржан. «Патронаттық тәрбиедегі» оқушылар Максютов Дастан, Ережепұлы Асан, Ережепұлы Үсен қамқоршысы Келтиманова Бибигуль Жакыпбековна. Сонымен қатар оқу жылының екінші тоқсанында мектебімізге екі жетім оқушы қосылды. Олар 1- сыныптан мектептебімізде білім алады. Аналарының мезгілсіз дүниеден өтуіне байланысты Апшанаков Бари және Тастанбеков Расул жетімдер тізіміне қосылды. Биылғы оқу жылында мектебіміздің 5 «Г» сыныбына Алматы қаласынан екі қыз Вдовина Улияна және Полина Витальевналар ауысып келді. Қамқоршысы қыздардың тәтесі Владимирова Анастасия Дмитриевна. Жаз мезгілінде және қыркүйен айларында тағы екі оқушының аналары қайтыс болғанына байланысты қамқоршылық   тағайындау үшін құжатты жиналып жатыр. Жетім қалған балаға қамқоршы болу үшін әуелі қамқоршы болу 3 айлық курсынан өтеді, содан кейін ғана қамқоршылық тағайындалып, құжаттар жинақталады. 

Жетім ретінде қамқоршылық тағайындалған балаламен әлеуметтік педагог оқу жылы басында құрылған жоспар бойынша, сөйлесу жұмыстарын айына бір рет жүргізіп отырады және балалардың әлеуметтік жағдайын үнемі қадағалайда ұстау мақсатында, қамқоршылармен жиі байланыста болады. Алдығы уақытты екі жетім қалған оқушылардың құжаттары жинақталды мектебімізде барлығы 18 жетім оқушы болады. Қамқоршылардің үйлеріне қыркүйек айында барып, тұрмыстық-жағдайларын зерттеу актісі толтырылды. Балалардың сабақ оқуға және өмір сүруіне барлық жағдайлар жасалған, балалардың жатын бөлмесі және сабақ оқитын бұрыштары бар анықталды. Жаңадан келген жетім оқушыларға мектеп директорының бұйрығымен мектеп асханасын жалға алушы есебінен бір мезгілдік ыстық тамақпен қамтылды.

Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрі 2021 жылғы 16 қыркүйектегі №472 бұйрығына 2- қосымша, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі 2020 жылғы 6 сәуірдегі №130 бұйрығына 2- қосымшаға сәйкес, әлеуметтік педагогтың Әр түрлі есепте тұрған оқушылармен жеке-профилактикалық жұмыс 3-бағыты негізінде: Биылғы оқу жылында нашар тәртіптерімен көзге түскен 5 оқушы мектепішілік есепке алынып, үйлеріне рейдттік іс-шаралар жүргізілді. Әлеуметтік педагогтың тарапынан күзгі демалысты пайдалы өткізу мақсатында, 7-10 сынып оқушыларына «Өз құқықыңды білесің бе?» тақырыбында тәрбие сағаты өткізілді. Тәрбие сағатының мақсаты: Оқушыларға адам құқықтары мен бостандықтары жайлы баптардан түсінік қалыптастыру, құқықтық білімдерін толықтыру. Адамгершілік ізгі қасиеттер мен ар-ождан бостандығына, адалдық пен мейірімділікке баулу арқылы құқықтық тәрбие беру. Оқушыларды жаңа тақырыпты талқылауға, өз бетімен жұмыс істеуге үйрету, ой өрісін, ойлау қабілетінің белсенділігін арттыру. Оқушылар сабаққа белсене атсалысып, өз ойларымен бөлісті. Сонымен қатар 7 «А» сынып оқушыларың арасындағы қарым-қатынасын, сынып лидерін, шағын топтарды анықтау мақсатында Джон Мореноның социометрия әдісімен сұрақтар алынып лидерлері анықталды.

Қараша, желтоқсан айларында 53 отбасы үйіне сынып жетекшілермен бірігіп, рейдтік жұмыс жасалды оның 38 отбасы көп балалы отбасына жатса,13 отбасы толық емес отбасына жатқызылды. 1 отбасы жетім баланы тәрбиелеп отырса, бір отбасында  отбасы үлгісіндегі балалар үйі құрылып онда жеті бала тәрбиеленіп отыр. Осы отбасыларды қоса алғанда  арасында 5 отбасы жағдайы төмен отбасы болып отыр. Атап айтқанда 8 Б сынып оқушысы Мұратхан Ақмарал,6 Д сынып оқушысы Пазтаева Жания , 7 А сынып оқушысы Лениншил Ахметжан, 7 Д сынып оқушысы Бабаев Валентин, 6 Д сынып оқушысы Махсетов Берекет, 6 А сынып оқушысы Липунов Тимур, 2 В сынып оқушысы Марат Мансур. Жоғарыда аталған оқушылардың ата-аналарымен кездесіп, әлеуметтік-тұрмыстық жағдайлары анықталып, сабақтан тыс қызығушылықтарымен танысып, сабақ орындайтын орны және күнделікті ата-аналарының қадағалауында болулары керектігі жөнінде әңгімелер айтылып, кеңестер берілді. 

Білім алушылардың ата-аналарымен профилактикалық жұмыс 4- бағыт бойынша ата-аналарға кеңестер беріліп, ата-аналармен қарым-қатынас журналына белгіленді. «Темекінің жасөспірімдер ағзасына зияны» тақырыбында ата-аналар жиналысында баяндама оқылды.


Әлеуметтік педагог               Жадыраева Ж.Б.