Оқушылармен жүргізілген жұмыстың қорытынды анықтамасы. » № 3 Қарғалы орта мектебі
Алматы облысы білім басқармасының
Жамбыл ауданы бойынша білім бөлімінің
"Қарғалы №3 орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 70-31-1-55
есепші бөлімі:
+7(72) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » Оқушылармен жүргізілген жұмыстың қорытынды анықтамасы.
01
январь
2022

Оқушылармен жүргізілген жұмыстың қорытынды анықтамасы.

«Қарғал №3 орта мектеп»   КММ  бойынша

2021 – 2022  оқу жылындағы оқушылармен жүргізілген жұмыстың қорытынды анықтамасы.                                                                

12.11 .21ж     6-10 сынып оқушылары арасында   «Отбасы - тұрмыстық, зорлық-зомбылық» сауалнамасы     алынды.

Мақсаты:Отбасындағы зорлық – зомбылықтың алдын алу.          Қатысқаны:  820 оқушы


Зорлық деген сөзді қалай түсінесің?
 тек күш көрсету 28%       қол жұмсау  36%       қорқыту 34%  өз жауабың 2%
 


Ата - анаңмен қарым - қатынасың қандай?
  ата - анам досым 91%
 Жақсы қарым – қатынастамын 7%
 қол көтереді 2%
 әкем мен анам менен алыс 0%
 жауабың 1%



 


Жазалау барысында көбіне қандай шара қолданады?
  ұрысады 4%
 ұрады 2%
 достарыммен сөйлестірмейді 3%
 еш уақытта жазаламайды 48%
  дұрыс еместігін түсіндіргісі келеді 42%
 


Әке - анаңның жазалауымен келісесің бе?
 - иә 16 %
 - иә деп айтуға болады 21%
 - жоқ 38%
 - жоқ деп айтуға болады 22%
 - өз жауабың 3%





Бір нәрсеге ашуланып, сенен өш алған уақыттары болды ма?
 - иә ондай жиі болып тұрады 18%
 - айта алмаймын 15%
 - кейде 33%
 - еш уақытта 22%
 - өз жауабың..
 12%




 
Өз жанұяңда паналы, сүйікті екеніңді сезінесің бе?
 - иә 100%              - жоқ     0%    







Осы мәселенің алдын алуда қандай шешімге сүйенесің?

А) сынып сағатында-26%,     Б) мектеп тәртібін қатаң бақылау-74%, В) оқушының тәртібін қадағалауды   жақсарту;      Г) өз нұсқауыңды жаз;


Қорытынды: Зерттеу барысында әр оқушы жеке қадағаланып, жасырын түрде анкета алынды. Оқушылардың берген жауабы бойынша зорлық –зомбылыққа ұшыраған (ұрады 2%)  оқушыларды жеке кеңеске шақырып, ата –анасымен түсіндірме жұмыстарын жүргізу керек екендігі көрсетеді. 

Оқушылардың жауаптарының  (ата - анам досым 91%) деп жауап бергені қуантарлықтай жағдай, себебі баламен өскен сайын ата – ана  үнемі   сырласып жақсы, жаманды айыра білуіне көмектесу керек.
 
 

Ұсыныс;

  1. Ата – аналарға бала тәрбиесіне байланысты кеңестер беру, оқушылармен түзету дамыту жұмыстарын жүргізу.
  2. Сынып жетекшілері ата – аналар және педагог – психологтармен тығыз байланыста болу. Өгей әкемен тұратын, жетім және толық емес отбасынан шыққан оқушыларды күнделікті қадағалау.
  3. Ата-аналар баланы өз денсаулығы мен қауіпсіздігіне қауіп төндіретін жағдайлардан қорғауы керек. 






Педагог -  психологтар:                 Малимбаева Г.Т

                                                          Мукаранова Т.С