КЕЛІСІМ ШАРТ » № 3 Қарғалы орта мектебі
Алматы облысы білім басқармасының
Жамбыл ауданы бойынша білім бөлімінің
"Қарғалы №3 орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 70-31-1-55
есепші бөлімі:
+7(72) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
01
сентябрь
2021

КЕЛІСІМ ШАРТ

Алматы облысы Жамбыл ауданы Қарғалы ауылындағы «Қарғалы №3  орта мектеп» КММ мен мектеп асханасын жалға алушы  жеке кәсіпкер Бексұлтан Т.М. арасындағы 

КЕЛІСІМ  ШАРТ

01.09.2021 жыл

    «Қарғалы №3 орта мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің директоры К.О.Омархановна  және асхананы жалға алушы Бексұлтан Т.М. келісім шартқа отырды. 

    1. Келісім шарттың мақсаты:

1.1. «Қарғалы №3 орта мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің директоры К.О.Урпекова  жеке кәсіпкер Бексұлтан Т.М. мектеп асханасын жалға берді.

1.2. Жеке кәсіпкер Бексұлтан Т.М. мектеп асханасын жалға алды.
 1.3. Жалға алу күні екі жақтың келісімімен қосымша құжаттар арқылы белгіленді.

2. Жалға берушінің міндеті

2.1. Рұқсат етілген тағам өнімдерін сатылуын бақылауға;

2.2. Мектеп медбикесі шикі және пісірілген тағамдар бракиражын жүргізуге;
2.3. Дайындалған тағамдарды тексеру комиссиясын құрып, жоспарға сай тексеру;
2.4. Санитарлық-гигиеналық талаптардың орындалуын тексеру;
2.5. Осы келісім –шартта белгіленген тәртіппен пайдалануына кедергі келтіретін әрекеттер жасамауға.


 3. Жалға алушының міндеттері:

3.1. «Қарғалы №3 орта мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің директор міндетін атқарушы асхана мүліктерін түгелдей жалға алушыға акт бойынша өткізіп береді.

3.2. Берілген мүліктердің толық сақталуын, тиімді пайдалануын, таза әрі күтіп ұстауды жалға алушы өз міндетіне алады.

3.3. Асхана жұмысшыларының арнайы жұмыс киімі (ақ халат, бас киім) болуы және санитарлық-гигиеналық жағдайы талапқа сай болуы қажет.

3.4. Жалға алушы берілген тағамдардың тізімін (меню) «Алматы облысы Жамбыл аудандық Білім Басқармасы» мемлекеттік мекемесінің басшысы  С.А.Алтынбекова бекіткен жетім балалар мен аз қамтылған, көп балалы отбасынан шыққан балаларды ыстық тамақпен қамтуға екі апталық бірыңғай мәзірмен сәйкес дайындауы тиіс.

3.5. Күнделікті тағамдар медбикенің тексеруінен кейін ғана балаларға беріледі.

3.6. Жалға алушы санитарлық, өрт қауіпсіздік шараларын толық сақтауға міндеттеледі.

3.7. Электр энергиясының шығынын жалға алушы төлейді

3.8. Жылу шығынын жалға алушы төлейді.

3.9. Сатуға рұқсат етілмеген газдалған және алкогольсіз энергетикалық  сусындар, қытырлақ нандар (сухари), кремді тәтті нандар, пастерленбеген сүт, жылумен өңдеусіз сүзбе, қаймақ, өзі ұйып қалған сүт, саңырауқұлақтар, флотша әзірлеген макарон, паштет, өздері әзірлеген морс, үй жағдайында жасалған консервілер, уылжыта пісірілген және қуырылған жұмыртқа, қытырлақ снэктер (чипсы, кириешки), таяқшадағы кәмпиттер (чупа-чупс), кәмпиттер, мармеладтар, сағыздар  сатуға тиым салынады.

3.10. Жалға алынған асхана аумағын таза ұстауға, оқу жылы алдында әктеу, сырлау жұмыстарын жүргізуге міндетті.

4. Екі жақтың жауапкершілігі

4.1. Мектеп асханасында жоба бойынша бекітілген мүліктерден басқа мүліктер енгізу, жылу немесе тамақ дайындау ошақтарын орнатуға, керегелерді бөлуге, тағы басқа құрылыстар жүргізуге тиым салынады. 

4.2. Осы келісім шарт бұзылған жағдайда келісімді бұзған жақ келтірілген шығыны үшін жауап береді.

4.3. Екі жақ осы келісім шартпен келіспеген жағдайда немесе оны орындамаса заң жүзінде қаралады және келісім шарт бұзылады. Келісім шарт мерзімі 01.09.2021- 31.08.2022 жылға дейін қол қойған күннен бастап күшіне енеді.


Осы келісім шарт екі данада жасалынады.



                   Жалға беруші                                                          Жалға алушы



Директор                          К.О.Урпекова               Жеке кәсіпкер            Бексұлтан Т.М.