Мектебіміздің ыстық тамақтану » № 3 Қарғалы орта мектебі
Алматы облысы білім басқармасының
Жамбыл ауданы бойынша білім бөлімінің
"Қарғалы №3 орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 70-31-1-55
есепші бөлімі:
+7(72) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Мектебіміздің ыстық тамақтану
25
февраль
2020

Мектебіміздің ыстық тамақтану

«Қарғалы №3 орта мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесі бойынша бір мезгілдік ыстық тамақпен балаларды қамту үшін жылдың басында қаңтар айынан бастап көп балалы, жағдайы төмен ата-аналардың өтініші бойынша құжат қабылданады. Жетім және АҚҚ балалар үшін автоматты түрде ыстық тамаққа өтінім тіркеледі. Қарғалы №3 орта мектебіне ата-аналар тарапынан 96 оқушыға өтініш жазылды, оның ішінде 1 бала жетім,1 бала АҚҚ, 6 оқушы отбасы үлгісіндегі балалар үйінің тәрбиеленушілері. Толық емес отбасынан 17 бала, жағдайы төмен отбасынан 1 бала, көп балалы отбасы балалары 70 оқушы. Бір мезгілдік ыстық тамақ бойынша мердігер есебінен 10 бала тамақтанады. Тамақ мәзірі аудан бойынша біріңғай аудан басшысы Л.Х.Бакированың қолымен бекітіледі. Тамақтың сапасын бақылап, балалардың тамақтануын қадағалап отыру үшін, мектеп ішінен бракераж комиссиясы құрылған. Комиссия құрамына мектепішілік ата-аналар комитетінің төрайымы және мектеп әкімшілігі, кәсіподақ ұйымы төрайымы бекітілген. Күніне бір мезгіл асхана тазалығын және оқушыларға берілетін астың сапасы мен құрамын мектеп мейірбикесі тексеріп отырады. Әлеуметтік педагогтың қадағалауымен барлық бала белгіленген уақыт бойынша тамақтанып отырады. Сонымен қатар, бракереж комиссиясы мүшелері, сынып жетекшілерден белгіленген кезекшілік бойынша асханада күнделікті екі мезгілдік кезекшілік атқарады.

Похожие публикации:

09 декабрь 2019 Ұланбасы сайлауы