«Адал ұрпақ» ұйымының «Integrity-Shop» дүкені » № 3 Қарғалы орта мектебі
Алматы облысы білім басқармасының
Жамбыл ауданы бойынша білім бөлімінің
"Қарғалы №3 орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 70-31-1-55
есепші бөлімі:
+7(72) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » «Адал ұрпақ» ұйымының «Integrity-Shop» дүкені
01
сентябрь
2021

«Адал ұрпақ» ұйымының «Integrity-Shop» дүкені

Қарғалы №3 орта мектеп» КММ

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестің кешенді жоспарын орындау мақсатында атқарылған «Адал ұрпақ» ұйымының

«Integrity-Shop»  туралы мәлімет

2021-2022 оқу жылы


     «Қарғалы №3 орта мектеп» КММ-де Білім бөлімі «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Алматы облысы бойынша департаменті» республикалық мемлекеттік мекемесінің 2019 19 сәуірдегі №04-01-20/1336 хатына сәйкес «Integrity-Shop»-адалдық дүкені мектептің 1 қабатындағы дәлізде орналасқан. Жауапты маман педагог ұйымдастырушы Өміртай А.Ө. тағайындалды. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің бастамасымен сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мақсатында бірқатар жобалар жүзеге асырылуда. Лездемеде оқушыларға жобаның басты мақсаты  түсіндірілді. Мектеп оқушыларына қажетті конц товарларымен газдалмаған сусындар қойылды. «Адалдық дүкенінде» ұстаздар мен оқушылар өздеріне қажетті заттарды алып, алынған тауар үшін ақшаны кассалық жәшікке қалдырып, есеп айырысатынын жеткізді. Яғни, дүкенде сатушы жоқ, затты сатып алушылар өздеріне қызмет көрсетпек. Сауда орнының басты ерекшелігі де осында. Осы бастама оқушылар тарапынан қызығушылықтарын танытып, ұсыныстарын парақша беттеріне жазып қалдырды. 

Мұндай жобаны жүзеге асыру жастардың тәрбиесі мен адалдығын арттыруға бағытталып отыр. 





Педогог-ұйымдастырушы            Өміртай А.Ө.






 «Integrity Shop»-адалдық  дүкенінің орналасқан орны